Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Үздік педагог» республикалық сайысының жеңімпазы
«Үздік педагог» республикалық сайысының жеңімпазы

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі мұғалімдер арасында үшінші жыл «Үздік педагог» республикалық конкурсын өткізуде. Конкурс мақсаты – алдыңғы қатарлы мұғалімдерді анықтау, қолдау және марапаттау, олардың педагогикалық тәжірибелерін тарату және ұстаздың еңбек беделін арттыру.

Конкурстың бірінші кезеңіне 5 мыңға жуық мұғалім қатысты. Еліміздің 48 үздік ұстаздарының есімдері Астана қаласында 2 қазанда Тәуелсіздік Сарайында Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі А.Б.Сәрінжіповтың қатысуымен Мұғалімдер Күніне орай өткен салтанатты рәсімде аталды. 

Мерекеге Павлодар облысының білім беру басқармасының, қалалық, аудандық білім беру басшыларынан және «Үздік педагог» республикалық конкурсы қатысушыларынан 15 делегат қатысты. 

Республикалық конкурстың қорытындылары бойынша Павлодар облысынан «Үздік педагог» атағын алғандар: мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру жүйесі бойынша Жұмабаева Әсия Камалиденқызы – Павлодар қаласының № 39 ЖОМ география мұғалімі, Қабылбекова Алмагүл Серікбайқызы – Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған гимназиясының физика мұғалімі, Темірбаева Динара Дюсенбайқызы – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, техникалық және кәсіби білім беру жүйесі бойынша Ахметова Гүлмира Қабатайқызы – Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің ағылшын тілі оқытушысы. 

Конкурс жеңімпаздары «Үздік ұстаз - 2014» төсбелгілерімен және 1 млн. 852 мың теңге сомадағы Сертификатпен марапатталды.

Әсия Қамалиденқызы Жұмабаева – тәжірибелі, жоғары білікті, шығармашылықпен  жұмыс жасайтын ұстаз, педагогикалық ісінің шебері. Ол Ұлттық тестілеу орталығының республикалық сараптама тобының, Республикалық ғылыми – әдістемелік кеңесінің, оқылық құралдарға сараптама жасау бойынша Республикалық комиссия, Ұлттық тестілеу орталығының республикалық аппеляция комиссиясының, география пәнінен оқу-әдістемелік құралдарының облыстық шығармашылық тобының мүшесі, ұлттық тестілеу орталығының география пәні бойынша тестік тапсырмалардың сараптау және құрастыру республикалық семинарлардың қатысушысы.

Республикалық және халықаралық басылымдарда география пәні бойынша мақалалардың, 9 сыныпқа арналған ««Экономическая и социальная география Казахстана» оқулық құралдың, мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралдың авторы.

«Үздік педагог – 2014» қалалық және облыстық конкурстарының жеңімпазы.

Әсия Қамалиденқызының оқушылары 1997 жылдан бастап география пәні бойынша қалалық облыстық, республикалық пән олимпиадалырының жеңімпаздары болып келеді. 2012- 2013 оқы жылында халықаралық ғылыми конференциясының жеңімпазын дайындады.

Қаланың білім беру жүйесіне жеке үлес қосқаны және жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Ұлттық тестілеу орталығының, Павлодар қаласы әкімінің, Павлодар облысы білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Білім саласындағы бақылау комитетінің Алғыс хатымен, «Облыс алдындағы еңбек сіңірген үшін» медалімен марапатталды.

Мұғалім-зерттеушіні, жаңашырды, оқу құралдары мен оқулықтың авторының құттықтаймыз! Деңсаулық пен шығармашылық табыс тілейміз!

Нұрахметова Ш.С.,

Павлодар қаласы білім беру бөлімі

әдістемелік кабинетінің меңгерушісі