e-mail: kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25   Карта проезда
телефон: 32-21-67
Версия для слабовидящих
Телефон доверия:
8 7182 32 19 37
За год2086766
За месяц115771
За неделю29842
Вчера4630
Сутки2174
53 қалалық пәндер олимпиадасы туралы ақпарат
Автор: ГорОО
19-12-2014 17:23
53 қалалық пәндер олимпиадасы туралы ақпарат

Жыл сайын желтоқсан айында қалыптасқан дәстүр бойынша «Дарынды балалар»  бағдарламасы аясында  11-12 желтоқсан  күндері

№ 22 жалпы орта білім беру мектебінде оқушылардың қалалық пәндер олимпиадасы өткізілді.

Олимпиадаға қатысқан оқушылар мен қазылар алқасына сапалы да нәтижелі жұмыс атқару үшін  мектеп директоры Майра Қабиденқызы Мамбетова  тарапынан барлық жағдай  жасалды.

41 қала мектептерінің 7-11 сыныптар оқушыларының аралығынан  678 оқушы қатысты, олардың 235 оқушысы оқу мемлекеттік тілде жүргізілетін мектептер мен сыныптардың балалары. Олимпиаданың қазылар алқасы құрамына  300 жуық білім беру мекемелерінің  тәжірибелі мұғалімдері қатысты.

2014 жылы 12 желтоқсан күні апелляциялық комиссияның қорытынды отырысынан кейін соңғы қорытынды шығарылып, жүлдегерлер мен жеңімпаздар анықталды.

Жеңімпаздар бойынша алда келе жатқандар:

№ 9 гимназия-мектебі  -19  жүлделі орын

n  № 39 ЖОМ - 17 жүлделі орын  және  1грамота

n  № 25 ЖОМ  - 16 жүлделі орын және 2 грамота

n  №22  ЖОМ - 16 жүлделі орын 

№ 19 ЖОМ - 14 жүлделі орын

n   «Стикс» мектебі- 13 жүлделі орын және 1 грамота

n  № 16 лицей-мектебі  - 12  жүлделі орын

n  № 17  - 10  жүлделі орын

  нәтижелі қатысқан мектеп командалары:  № 20 лицей-мектебі, №  21, 29, 35 - 8  жүлделі орын.

2014 жылы 23 желтоқсанда  сағат 15.00-де № 25 мектепте «Жас дарын» іс-шарасы өткізіледі, бұл аталған шарада 230 жеңімпаздар мен жүлдегерлер білім беру бөлімінің дипломдары мен мақтау қағаздарымен марапатталады, олардың 215 қатысушының  І орны- 34, ІІ орны – 65, ІІІ орны -115, жақсы нәтиже көрсетуші- 16  оқушы.

Қалалық олимпиадалардың қорытындылары бойынша 9-10 қаңтарда 2015 жылы өткізілетін облыстық і турға 20 жалпы білім беру мектептердің 46 қатысушылары ұсынылды: № 11, 14, 19, 21, 24, 25, 29, 30, 33, 35, 36, 41, 43, КСОШ Кенжекөл мектептерінен (1 оқушы), № 16, 20  лицей-мектебі, № 17  ЖОМ - (2 оқушы), № 9 гимназия-мектебі   - (5 оқушы), № 39 ЖОМ - (6 оқушы),    № 22 ЖОМ ( 7 оқушы),  «Стикс» мектебі - (8 оқушы).

  Ұйымдастыру комитеті жүлдегерлер мен жеңімпаздарды жоғарғы нәтижелерімен құттықтай отырып, барлық қатысушыларға табыс пен жетістіктер тілейді.