kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия
8 7182 32 19 37
За год2115263
За месяц220194
За неделю23291
Вчера6814
Сутки539
Итоги конкурса "Тіл-достықтың құралы-2015 ж."
Итоги конкурса

«Тіл – достықтың құралы»

IXқалалық конкурсының қорытындысы туралы

 

 

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес                        2014-2015 жылдарға арналған тілдерді қолдану мен дамыту Мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында 2015  жылғы 16 қаңтар  күні № 24 жалпы орта білім беру мектебінің базасында ұлты қазақ емес Павлодар қаласы мектептерінің мұғалімдері мен мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелердің тәрбиешілері қатысқан «Тіл – достықтың құралы» IX  қалалық дәстүрлі конкурсы өткізілді.

Қазақ тілін меңгеру – тілді білмейтіндерге қойылатын бүгінгі күннің басты талабы. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін меңгеру деңгейін, мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқыту жөніндегі үйірме жұмыстарының нәтижесін  байқау және қазақ тілін жетік білетін қызметкерлерді анықтау, оларды өзгелерге насихаттау, қазақ халқының тілін, ұлттық салт – дәстүрін дәріптеу, мемлекеттік тілді ұлықтау конкурстың негізгі мақсаты болды. 2006 жылы алғаш рет өткен конкурсқа қала мектептерінің барлығы да қатысуға ынта білдіріп, жоғары белсенділік көрсеткен болатын. Биыл конкурсқа қатысуға барлығы   мектептер пен балабақшалардан 13 өтініш түсті, 11 мұғалім финалдық конкурсқа жолдама алып, финалдық  конкурста 10 мұғалім сайысқа түсті  (№ 7, 17, 18, 21, 24, 36, 41 ЖОМ,  №2, 40, 104 ББ).

Оқу орыс тіліндегі үлкен және аралас мектептер салғырттық танытып сайысқа қатыспады.

Конкурс қорытындысы бойынша:

Бас жүлдені – Калиткина Виктория Владимировна- № 18 тәрбиешісі жеңіп алды;

І орынға – Правдивец Ксения Эдуардовна- № 40 балабақша логопеді ие болды;

ІІ орынды – Хохлова Галина Александровна № 21 ЖОМ (ағылшын тілі мұғалімі), Щербинина Надежда Владимировна № 36 ЖОМ (бастауыш сынып мұғалімі) иеленді.

ІІІ орындарды №17 ЖОМ (Моисеева Яна Павловна), № 41 (Магафурова Зульфия Талыповна), № 24 ЖОМ (Базаводова Марина  Валерьевна), № 2 ББ (Заворина Татьяна Юрьевна) тәрбиешісі  мен мектеп мұғалімдері өзара бөлісті.

Қатысушы № 7 ЖОМ және № 104 ББ тәрбиешісі мен мұғалімі әр түрлі  аталым бойынша арнайы дипломдармен марапатталды.

Жеңімпаздар білім беру бөлімінің дипломымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.