ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың ғылыми жобалар сайысының облыстық кезеңі
20-01-2017 12:28
Облыстық ғылыми жобалар сайысына Павлодар қаласынан 22 ЖОМ-нан 58 оқушы қатысып, әділқазылар алқасының алдына 53 жоба тартылды. Оның ішінде көп жоба ұсынған мектептер № 37 ЖОМ (9 жұмыс), №25 ЖОМ (6 жұмыс), № 20 лицей (5 жұмыс), № 16 лицей мектебі (4 жұмыс). Облыстық ғылыми жобалар сайысының қорытындысы бойынша Павлодар қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінен 21 оқушының жобасы жүлделі орындарды иеленді. I орын математика бойынша № 16 ЖОМ 11 сынып оқушысы Сәлменбаев Алғыр иеленді. II орын иеленген қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау бойынша № 16 ЖОМ 8-сынып оқушысы Чайковская Алёна, тарих бойынша № 25 ЖОМ 11-сынып оқушысы Біржанова Ләйлә, биология бойынша № 25 ЖОМ 9-сынып оқушысы Кизирова Дариға, № 41 ЖОМ 11-сынып оқушысы Бахтиярова Сабина, әдебиет бойынша № 37 ЖОМ 10-сынып оқушысы Бақтыбай Ілияс, экономика бойынша № 37 ЖОМ 11-сынып оқушысы Серік Мирас, математика бойынша № 28 ЖОМ 11-сынып оқушысы Айтмагамбет Темирхан, № 21 ЖОМ 11-сынып оқушысы Ақанғалиева Дина, ІІІ орынды № 7, 11, 16, 20, 22, 24, 25, 33, 39 мектеп оқушылары иеленді.