kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия
8 7182 32 19 37
За год2124120
За месяц212564
За неделю47616
Вчера8447
Сутки338
19 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АҚЫЛ-ОЙ ШАРЫҚТАУЫ» САЙЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
13-05-2015 19:27

19 Республикалық «Ақыл-ой шарықтауы» сайысының қорытындысы

2007 жылдан бері мектеп халықаралық «Ақыл-ой шарықтау Одиссеясы» бағдарламасымен жұмыс істеуде. Аталмыш бағдарламаның мақсаты: оқушы жастардың интеллектуалдық шығармашылық қабілеттерін дамыту. Халықаралық «Odyssey of the Mind» бағдарламасы 1978 жылдан бері тек АҚШ-та ғана емес, сонымен бірге көптеген әлем елдерінде іске асырылуда және дарынды жастармен жұмыс істеудің стандарттан тыс технологиясы болып саналады және Қазақстан «Білім беру Заңының» міндеттері мен мақсаттарымен толығымен үйлеседі.

Бұл бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында оқу жоспарының оқушы компонентінен 1 сағаттық үйірме жұмысы іске асырылуы барысында оқушылардың топтық, ұжымдық жұмыста ұйымдасуына, креативті және логикалық ойлауына, күрделі жағдаяттардан шығу жолдарын табуларына, жалпы музыкалық, әдеби және көркем шығармалардан, ғылыми ашылымдардан ізденіспен өмірге жаңа міндеттер қойып, шеше білетін, шығармашыл, ақыл-ой қабілетті тұлға тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Бағдарлама бойынша оқушылардың көмекшісі ретінде тренер және жеті адамнан тұратын арнайы команда құрылады. Қатысушыларға берілген қысқа және ұзақ мерізімді екі бөлімнен тұратын тапсырманы орындауға оқушы-тренер-ата-ана болып ұйымдасқан түрде дайындық жүргізіледі. Аталмыш бағдарламамен жұмыс жасаушы оқушылардың ерекшелігі: тапсырмадағы рөлдерді орындауда шығармашылық, актерлік қабілеттің, өз күшіне сенімділігінің, жауапкершілігінің жоғары деңгейін байқауға болады. Өлеңді, мәтінді оқу-талдау арқылы ғана қабылдайтын оқушылар біртіндеп шығарманың әр сөзінің астарлы мағынасына ой жүгіртіп ажыратуға дауыс сазын құбылта оқуға жаттыға бастайды.

2013 жылдың 25-31 наурыз аралығында Алматы қаласы «Горное солнце» демалыс кешені базасында Халықаралық «Ақыл-ой шарықтауы» бағдарламасы бойынша өткізілген 19-республикалық сайысқа Павлодар қаласы №25 жалпы орта мектебінің 2-7 сынып оқушылары қатысып, Бас жүлдені жеңіп алды.14 команда жүлделі орындарға ие болды Сайыс қорытындысы бойынша мектеп командасы алты жыл қатарынан жалпы командалық есепте республикалық кубокты иеленіп келеді.

І орын алған 5 команда, жетекшілері Талипова Т.Ж., Авид Г., Қаратаева Д.Н., Муслимова Ж.М., Құсайынова Г.Б.

ІІ орын алған 6 команда, жетекшілері Рыспаева Қ.Н., Искакова Б.С., Есен Б.Р., Абдулина А.Ш., Ракулова Д.Ж., Смағұлова Қ.Е

ІІІ орын алған 3 команда, жетекшілері Қайырғожина А.Е., Сугурова А.М., Хұмарбек А.

Сайыста ерекше өнер және терең білім деңгейлерін көрсеткендері үшін «Бесінші элемент» тобы медальмен марапатталды. Жетекшісі Д.Н.Каратаева. Жоғары белсенділік танытқан 3 сынып оқушысы Даяна Бимағамбетова, 6 сынып оқушылары Аружан Темирова, Дана Қосбармақова, Ляйля Бержанова, Аяулым Нұрсеит, Мергүл Ермағамбетова, Ғалия Зейнел, Айтолқын Рустемовалар мадақтамамен марапатталды.

Команда атауы Алған орны жетекшісі
1 Микадо І орын Талипова Т.Ж.
2 Планета І орын Авид Г.
3 Бесінші элемент І орын Қаратаева Д.Н.
4 Best of the best І орын Муслимова Ж.М.
5 Кикакутзи І орын Құсайынова Г.Б.
6 Мегамозг ІІ орын Рыспаева Қ.Н.
7 Ақбота ІІ орын Искакова Б.С.
8 Алау ІІ орын Есен Б.Р.
9 Жұлдыз ІІ орын Абдуллина А.Ш.
10 B & G ІІ орын Ракулова Д.Ж.
11 Ертіс ІІ орын Смағұлова Қ.Е.
12 NaturVinsere ІІІ орын Қайырғожина А.Е.
13 Достық ІІІ орын Сугурова А.М.
14 Рауан ІІІ орын Хұмарбек А.
15 Бесінші элемент медаль Қаратаева Д.Н.
16 8 оқушы мадақтама

Жүлдегерлер мен жеңімпаздарды дайындаған мұғалімдер тренер сертификаттарына ие болды.