ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
ЖАС СУРЕТШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ
13-05-2015 13:23
ЖАС СУРЕТШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ

№1 Балалар көркемсурет мектебінің түлектері: Шубладзе София, Чалышев Ярослав және Кузнецова Арина - 2014 ж. 26 мамыр және 26 маусымға дейін өтетін «Жастар» жобасы бойынша 20 жуық жұмыстарын облыстық көркемсурет мұражайына көрмеге тапсырды. Шубладзе Софияның дарыны «Қолданбалы графика» техникасында айқын көрсетілген. Оның картиналары қиын және ұсақ бөлшектерге толы, сол уақыттағы ұстамды пластиканы, барлық бөлшектер бірыңғай шығармашылық ойға бағынған. Нағыз суретші ретінде София сан-түрлі материалдармен эксперимент жасағанды ұнатады, сәндік-қолданбалы өнер дизайн бағытында өзін іздеуде. Қалалық, республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпазы. Болашақта өмірін өнермен байланыстырғысы келеді. Кузнецова Арина 4 жасынан өнерстудияда оқып, әр деңгейдегі конкурстарға қатысып және жеңіп, өзінің ерекше қабілетін аша білді. Қазіргі уақытта жас суретші 15 халықаралық, 15 республикалық конкурстардың жеңімпазы мен жүлдегері болып ұлгерді және балалар бірлік фонд Ассоциациясының степендиаты, әр түрлі елдердегі конкурстардың 5 медаль иегері. Оның жұмыстары ашықтық және жарқын мейрімділігімен ерекшеленеді. Негізгі кейіпкерлері - адамдар, жартылай ойдан шығарылған, жартылай шынайы, әрқашан тура, кей-кезде күлкілі.Чалышев Ярослав өзінің шығармашылық жолын «Бүлдіршіндер елі» өнерстудиясында бастады, ол ерте жастан бастап өзінің жарқын темпераменті мен белсенді өмірлік көзқарасын көрсете білді. Оның әр жұмысы – ойын бояу арқылы білдіретін әдстерді іздеу ,әр құралдардың мүмкіншіліктерін көру. Көркемсурет мектебінде оқып жүргенде , Ярослав оқытушыларды өзінің жұмысқа деген қабілеттілігімен таңқалдырған. Мектептегі негізгі пәндерді табысты игергеннен басқа барлық шығармашылық жобаларға, қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі конкурстарға қатысты,. Бірнеше рет мақтау қағаздарымен дипломдармен марапатталған. Оның композициясы адалдығымен және ойының ерекшелігімен таңқалдырады.