kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия
8 7182 32 19 37
За год2363173
За месяц122982
За неделю21364
Вчера4263
Сутки472
ОБЛЫСТЫҚ "МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ" ОҚУЛАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
13-05-2015 19:14
ОБЛЫСТЫҚ

Облыстық Мұқағали Мақатаев оқуларының қорытындысы

Жыл сайын қазан айында біздің қала мектептерінде айырықша қуанышты күн болады. Ол – ұлтымыздың мақтанышы, қазіргі қазақ поэзиясының алыбы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған облыстық байқау-оқу өтеді, осы оқуларда барлық сыннан мүдірмей өтіп, алға озып шыққан талантты, жас мұқағалитанушылар өз өнерлерін өнер сайысында көрсете білді.

Мұқағалиды еске алып келеді елім,

Қайталаған қазақтың қара өлеңін.

Ұмытпайды ұрпағы ұлыларды,

Мұқағали, Жұмекен, Төлегенін, - дей отырып,

осы облыстық сайыста ерен де сүбелі еңбегімен, дарынды оқушымыз- көзге түскен № 12 мектептің 10 сынып оқушысы Мұса Таңсұлу ІІІ жүлделі орынды жеңіп алды. Ұлыларды ардақтау, олардың өмірі мен шығармашылық еңбектерін болашақ ұрпағымызға насихаттау – біздің азаматтық парызымыз болса, Таңсұлудың мақсаты ақынның шығармаларынан нәр алу! Мұса Таңсұлуды ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!