ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Қамқорлық» акциясының қорытындысы
15-02-2017 03:27
«Қамқорлық» акциясының қорытындысы

Республикалық «Қамқорлық» акциясының қорытындысы бойынша Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектептерінің әлеуметтік-қорғансыз отбасыларының 33000 оқушыларына көмек  көрсетілді. Көмек оқу құралдары мен киімдер, аяқ киімдер ретінде көрсетіліп, 15772,8 мың теңгені құрады, оның ішінде 880 оқушы демеуші көмегінен 3400,7 мың теңге, жалпы оқыту қорынан 2417 оқушыға 12372,2 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Демеушілер болып ата-аналар, мұғалімдер, жеке кәсіпкерлер,мекемелер мен қоғамдық ұйымдастырушылар белсене ат салысты.

«Кленовый лист», «Glasman» фирмалары, «Манақбай» СҮ 20 оқушыны 237,0 мың теңгеге  киіммен, оқу құралдарымен қамтамасыз етті.

Халық банкі, құрылыс басқармасы, «Бидаулетов» ЖК, «Академия окон» ЖК 20 оқушыны жалпы 142,0 мың теңгеге киім-кешекпен қамтамасыз етті.

Қала мектептері ата-аналармен бірігіп,  киімдер менмакулатура жинап, қайырымдылық концерттері мен жәрмеңкелерді ұйымдастырды. Оқушының емделуі үшін қаражат жинау мақсатында Кенжекөл ЖОМ-да қайырымдылық концерті өтті.

Акция барысында аз қамтылған, көп балалы, жетім балаларға, сәтсіз отбасы балаларына, әке-шешесінің қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, әлеуметтік себептермен сабақ босатудың себептерін (киім, аяқ киім, оқу құралдарының жоқтығы) анықтау үшін 1247 рейд ұйымдастырылып, 137 отбасы қарастырылды.