ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жауынгерлік Данқ мұражайында жаңа жәдігерлер бөлімі ашылды
16-02-2017 03:27
Жауынгерлік Данқ мұражайында жаңа жәдігерлер бөлімі ашылды

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шыққанына 28 жыл толу қарсаңында  14 ақпан күні № 14 ЖОМ Жауынгерлік Данқ  мұражайында Ауған соғысына қатысқан павлодарлықтарға арналған  жаңа жәдігерлік бөлім ашылды. Бұл бөлімнің ашылуына мектеп оқушылары мен алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Бақытжан Қыркушевич Өтеповтің ізденіс жұмыстарының жетістігі себебші болды.

Мектептің экскурсоводтары 10 сынып оқушылары келген қонақтарды жаңа жәдігерлермен таныстырып, Ауған Демократиялық Республикасында әскери борыштарын адал атқарған жауынгерлер туралы сыр шертті. Мұражайдың жаңа жәдігерлері мен стендтер Ауғанстан Демократиялық Республикасы 1979 - 1989 жылдар аралығында 1098 азамат жауынгерлер қатарына шақырылды.Оның 36 қаза тапты, 54 жараланды. Павлодар облыстық әскери комиссаритаттың берілгені бойынша әскери борышын абыроймен орындаған 269 павлодарлық жауынгер орден, медальдармен мараптатталса  26-сы Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.

Еске алуға келген қонақтардың ішінде Павлодар облыстық қорғаныс департаментінің басшысы Буксман Дмитрий Анатольевич, Облыстық Ауғанстан ардагерлері Одағының төрағасы Майкотов Байғабыл Нуртаевич, Павлодар облыстық ізденіс қозғалысының негізін салушы Камзин Жұмабек Жукенович болды. Олар өз сөздерінде бұл тарихи  соғысты ұмытуға болмайды, себебі халық тарихын біз қайта жаза алмаймыз.

Ашылу салтанатында мектеп директоры Әлия Әшкенқызы Әжібаева «Жауынгерлік Данқ Мұражайында жаңа бөлімнің ашылуы Ауған соғысына қатысқандарға құрмет пен ізет, олар өсіп келе жатқан жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбиеде үлкен үлгі-өнеге береді», - деп атап өтті.