ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылау
17-02-2017 09:12
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылау

2017 жылғы 16 ақпанда «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің филиалы  Павлодар қаласы білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауын талқылау отырысын өткізді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылауда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының құқықтық мәселелері жөніндегі бас маманы Гүлшат Жәркенова қатысты.

2017 жылғы Жолдау Қазақстанның жаңа тарихи дамуы кезеңінде мемлекеттік құрылыс мәселелерін шешу үшін жағымды жағдайлар жасап, стартегиялық сипат беріп отыр.

Бұл бағытта жаңа экономикалық өсім мақсатына жету үшін адами капиталын сапалы түрде өзгерту жөніндегі ұзақмерзімді және қысқамерзімді міндеттерін артып отыр.

Елбасы өзінің Жолдауында білім беруді экономиканың драйвері, яғни қозғалтқышы, жаңа үлгідегі өсімнің орталық буыны ретінде пайдалану міндетін атап өтті. Білім беру жүйесіне Тәуелсіздік жылдары мемлекеттің тарапынан аса зор көңіл бөлінді. Бүгінгі таңда, білім беру саласы ұсынатын түрлі шаралардың сапасын арттыруға, оның ішінде орта білімге зер салуда.

Қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Сабира Сейітованың сөзіне жүгінсек, алға қйылған міндеттерді орындау барысында ұстаздардың рөлі ерекше екенін аңғарамыз. Ал педагогтардың қызметіндегі басты бағыты Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы болып табылады.  

Еліміздегі болып жатқан өзгерістерге, оның жаңғыруына тек өзіміздің ғана белсенді қатысу қажеттілігіміз туралы барлық қатысушылардың ой-пікірі бір жерден шықты.