ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектептегі әдістемелік жұмыс
20-02-2017 05:32
Мектептегі әдістемелік жұмыс

Павлодар қаласы білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің жас директор орынбасары мектебінің отырысы № 34 ЖОМ жалпы орта білім беретін мектептерінің тәжірибелі директор орынбасарларының қатысуымен өтті. «Мектептің стратегиялық дамуын жоспарлау мен миссиясын түсіну (жоспарлау, мектептің әдістемелік қызметінің міндеттерін жүзеге асыру, қызметінің стратегиялары мен түрлері)» семинарының модераторы Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Сеременко Надежда Парфирьевна сөз сөйледі.

Семинар аясында мектеп ортасында жұмыс істейтін педагогикалық құрамының үздіксіз білімін ұйымдастыру сұрақтары талқыланды. Әдістемелік жұмысының ұйымдастыру түрлері мен формаларына, мақсаттары мен міндеттеріне ерекше көңіл бөлінді. Педагогтердің кәсіби өсу мониторингін жүргізу үшін дескрипторлар ұсынылды. Қатысушыларға наурыз айында болатын отырысқа жоспарлаудың коррекциясын жүргізу және өз тәжірибелерімен бөлісу мақсатында мектептегі әдістемелік жұмысты жоспарлау бойынша талдауды дайындау ұсынылды.

Отырыстың материалдары № 34 ЖОМ сайтында «Жас директор орынбасары» айдарында орналастырылады. Ай бойы сұраныс бойынша электронды дайджест және виртуалды онлайн-қабылдау жұмыс істейді.