ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық ғылыми жобалар сайысының қорытындысы
20-02-2017 12:38
Республикалық ғылыми жобалар сайысының қорытындысы

Жалпы білім беру пәндері бойынша өткен республикалық ғылыми жобалар сайысының қорытындысында ІІІ орынды Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінің 11-оқушысы Сәлменбаев Алғыр мен № 20 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Казиманова Мерей иеленді. Алғырдың жобасының тақырыбы: «Екінші жақты Стирлинг сандары». Берілген тақырыппен жұмыс екі жыл көлемінде жүргізілді.  Стирлинг сандарының құрамы бойынша 11 жұмыс  дәлелденген. Жұмыстың нәтижесі, бұрын сипатталмаған. Жұмыс барысында келтірілген деректі әдістер қарапайым математиканың шектеуінен шықпаған. Бұл зерттеу қолданбалы комбинаторика міндеттерін шешуде маңызы бар болып есептеледі. Мерейдің жобасы жоғары сынып оқушылары тұлғасының әлеуметтік ұқсастығына арналған. Екі жыл бойы ғылыми жетекшісімен зерттеу жұмысын жүргізіп, жоба тақырыбы бойынша теориялық материалын зерттеп,  мектебі аясында сараптама өткізді және жұмысының тәжірибелік маңызын анықтады. Мерейдің айтуынша, ғылыми жобасы өте маңызды және жұмыс материалдары, Қазақстанда тұратын халықтар мәдениетінің  өзара түсіністік және өзара құрмет негізінде , конструктивтік  ұлтаралық қарым – қатынас  бағытында, психо-алдын алу бағдарламалар жасау үшін мүмкіндік береді. Келешекте оқушы психолог мамандығын таңдауды армандайды.

2017 жылғы ақпанның 14 - 17 күндері аралығында Алматы қаласында республикалық ғылыми жобалар конкурсы өткізілді. Конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 717 оқушылар қатысты. Павлодар облысынан конкурстың қорытынды кезеңіне 35 оқушы өтті (29 жоба).

Ғылыми сайыс 4 бағыт бойынша өтті: экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу (секциялар: математика, қолданбалы математика, экономика, информатика), ғылыми-техникалық прогресс, экономикалық өсудің негізгі буыны (секциялар: физика, техника, Жержәне Космос туралы ғылымдар), таза табиғи орта – Қазақстан – 2030 стратегиясын іске асырудың негізі (секциялар: биология, химия, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау), Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары (секциялар: тарих, өлкетану, этномәдениеттану, әдебиет, тілбілімі).