ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Туристік көпкүресі бойынша облыстық чемпионаты
21-02-2017 06:44
Туристік көпкүресі бойынша облыстық чемпионаты

18 - 19 ақпан күндері «Павлодар қаласының № 41 дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебінде  туристік көпкүрес (шаңғы туризмі) бойынша «Снежинка-2017» атты облыстық чемпионаты өтті. Жарысқа Павлодар қ. жалпы орта білім беру мектеп оқушыларынан құрылған командалары қатысты: «Пилигрим» (№ 16 ЖОМ), «Эдельвейс» (№ 41 ЖОМ), «Эдельгрим» құрама командасы (№ 41, №16 ЖОМ), «Вершина» (Балалар - жасөспірімдер экология және туризм орталығы), «Пирамида 1» (№ 28 ЖОМ), Ақсу қ. «Экстрим» (дарынды балаларға арналған мамандырылған гимназия), Ақтоғай ауданының БЖСМ  «Континент» командасы. Жас ерекшелік бойынша командалар құрамында  68 оқушысы болды: 12 жастан 14 жасқа дейін, 15 жастан 17 жасқа дейін, 18  жас пен одан жоғары.

Чемпионат екі түрде өтті: техникалық қашықтық, жеке-командалық эстафета.

Техникалық қашықтық қорытындысы бойынша 14 жасқа дейін I орынды «Эдельвейс -  командасы иеледі, ІІ орын - «Вершина» командасында, III орын - «Эдельвейс - 2» командасында, ортаңғы санаттағы 15 -16 жас аралығында - «Вершина» командасы І орын иеленіп жеңіске жетті, II орын «Эдельвейс» командасында, ІІІ орын - «Пилигрим» командасында, ересек тобындағы І орынды - «Вершина» командасы иеленсе, ІІ орын - «Эдельгрим» командасында, ІІІ орын - «Экстрим» командасында.

         Жеке-командалық эстафетада 14 жасқа дейін «Эдельвейс-1» командасы  І орынға ие болды, II орын - «Пилигрим» командада, ІІІ орын - «Вершина» командасында, 15 - 16 жас аралығындағы топта І орынға «Пилигрим» командасы ие болды, ІІ орын - «Вершина» командасында, ІІІ орын - «Эдельвейс» командасында, ересектер тобында І орын - «Эдельгрим» командасында болса, ІІ орын - «Вершина» командасында, ІІІ орын - «Экстрим» командасында.

Чемпионаттың 2 түрі бойынша жалпы командалық орында І орынды «Вершина» командасы иеленді (Балалар - жасөспірімдер экология және туризм орталығы),  ІІ орынға - «Эдельвейс» командасы ие болды (№ 41 ЖОМ), ІІІ орын - «Пилигрим» командасында (№16 ЖОМ).

Жеңімпаз және жүлдегер командалары облыстық спорт және дене тәрбиесі басқармасының мадақтамаларымен марапатталды.