ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Заманауи жағдайында көптілділік
23-02-2017 05:05
Заманауи жағдайында көптілділік

Павлодар қаласының білім беру бөлімі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен бірлесіп, тәжірибеге көптілділікті енгізу мәселесі жайында шығармашылық тобының жұмысын ұйымдастырды. Біліктілігін арттыру институтында көптілділікті іске асыратын мұғалімдер мен ағылшын тілінен курстан өткен жаратылыстану-математикалық бағытындағы мұғалімдердің бірінші қалалық шығармашылық топ отырысы болды. Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институтында ағылшын тілінен 5 апталық курстан жаратылыстану - математикалық бағытында физика, химия, биология және информатика пәндерінен 37 мұғалім білім алып, А1 деңгейінде ағылшын тілін меңгергені үшін сертификаттар иеленді.

Қала мектептерінде жаратылыстану - ғылыми пәндерді ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдердің екі шығармашылық тобының бірінші отырысы өткізілді (оқыту мемлекеттік және орыс тілде жүргізілетін жалпы саны 31 педагог). Отырыстың тақырыбы «Білім беру үрдісінде «Clil» әдісін қолданып, пән мен тілді қосып, кіріктірілген оқытуды ұйымдастыру»көптілділікті енгізу бойынша жұмыс жасайтын пән мұғалімдері үшін өзекті болып табылады. Шығармашылық топ жұмысының мақсаты: білім беру мекемелерінде пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту барысында мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру. Модераторлардың сауалнама алуы арқылы пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту жағдайында мұғалімдердің оқу үрдісін ұйымдастыру кезінде тиімді стратегиялар мен әдістерді қолдану деңгейі анықталды. Инновациялық тәжірибе үшін көптілді сабақ мазмұнының құрылуы және пәнді меңгеруде табысқа ілгерілеуді анықтау мен тілдік құзыреттіліктерді бағалауға қатысты өзекті мәселелер белсенді түрде талқыланды. Сабақтарға қатысу арқылы пән мен тілді кіріктіріп оқытудың негізгі ерекшеліктерді нақтылап алуға жол ашты. Топ отырысында заманауи жағдайында көптілділікті жүзеге асыруда SWOT талдауы құрастырылып талқыланды, алдағы жұмыс міндеттері қарастырылды. Мұғалімдер «Clil» әдісінің негіздерімен танысып, көптілді сабақтың бақылау парағын дайындады.

Топ жұмыстарының қорытындысы бойынша білім мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру мекемелерінде жаңа тәжірибені қалыптастыруда әдістемелік көмекпен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жоспарланды. Шығармашылық тобының келесі отырысы наурыз айында өткізілетін болады. Шығармашылық топ қатысушылары жыл бойы жұмыстарын жалғастырып, жинақтаған тәжірибелерімен алмасу мақсатында семинар-практикум, шебер-сағаттарын өткізеді. Біліктілікті арттыру институтының базасында наурыз айында шығармашылық топ жетекшілері-біліктілікті арттыру институтының аға мұғалімдері, «Үш тілде оқыту жағдайында мұғалімдердің пәндік және коммуникативтік-тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыру» бағдарламасы бойынша тренерлері Г. Жанзакова, Е. Резанованың ұйымдастыруымен үш тілді оқытудың екінші кезеңі жоспарлануда.