ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас дарындардың ертегіде бейнелеген шығармашылықтары
16-03-2017 03:01
Жас дарындардың ертегіде бейнелеген шығармашылықтары

Павлодар қаласының № 2 Балалар көркемсурет мектебі Украинаның Херсон қаласында өткен «Халық ертегілеріне суреттеме» атты IV Халықаралық сайысына қатысты. 2016 жылдың қазан айында сайысқа мектеп оқушыларымен әлемге танымал болған ертегілерге 38 суреттеме жіберілді.

            2017 жылдың ақпан айында сайыс қорытындысы бойынша мектебіміздің төрт оқушысы лауреат дипломдарыналды. 10 жастағы Екатерина Столбова фломастермен орындаған «Үйге апарар жол» суреті үшін, 10 жастағы Ахмеди Машрап аралас техникада орындаған  «Данышпан айдаһар» жұмысы үшін, 9 жастағы Ульяна Едельская гуашьпен орындаған «Қазақ ертегілері» жұмысы үшін, фломастерлермен орындаған «Әжейдегі түскі ас» суретімен 11 жастағы Есения Косенкова лауреат атанды, педагог Сәуле Бейбітханова Пернебайқызы. Ең үздік деп танылған жұмыстар 2016 жылдың 27 желтоқсанында Херсон қаласында ашылған көрмеде орын алды.

           «Халық ертегілеріне суреттеме» байқауы екі жылда бір өткізіледі. Осы жылы байқауға Ресей, Қазақстан, Белорусь, Индонезия, Үндістан, Болгария, Румыния, Сербия, Словения, Түркия, БАӘ елдерінің 125 оқу орындарынан 5-18 жас аралығындағы балалардың 2300-ге жуық әсерлі де көркем суреттемелері ұсынылды.