ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қалалық жасөспірімдер олимпиадысы туралы
24-03-2017 04:52

          Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2017 жылғы 27 наурызда сағат 9.00- ден 12.00-ге дейін № 24 жалпы орта білім беру мектебінде (Кутузов көшесі, 190) 4 - 7 сыныптар оқушылары арасында тұңғыш рет қалалық жасөспірімдер олимпиадасын өткізеді.
    Жасөспірімдер олимпиадасының мақсаты - облыстық олимпиадаға қатысушыларды дайындау, дарынды балалармен жұмыс жасау сапасын жетілдіру, оқушылардың зияткерлік дамуын ынталандыру.
олимпиаданың негізгі міндеттері:
          жалпы білім беру және зияткерлік білімдерді игеру, өздігінен білім алу және ол білімді күнделікті өмірде қолдану дағдыларына бағытталған дарынды балаларға арналған бағдарламаларын жүзеге асыру
      математика, дүниетану, биология, география, физика, информатика, химия пәндері бойынша қалалық олимпиадалық құрама командасын қалыптастыруына қолдау көрсету
       балалардың математика ғылымына деген шығармашылық қызығушылықтарын дамыту
        бала дарындылығын дамытудағы мұғалімдер тәжірибесін тарату.
        Олимпиада қорытындысы 17.00-де шығарылады.

                                                                                            Павлодар қаласы білім бөлімі