ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Көктем және жаңару мерекесі
24-03-2017 06:01
Көктем және жаңару мерекесі

Павлодар қаласында Құрманғазы атындағы № 1 Балалар музыка мектебінде Наурыз мейрамына арналған концерт өтті. Бұл көктем, табиғат жаңаруының, жаңа өмір басталуының мерекесі. Шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл басы болып саналатын осы күн, ерте кезден-ақ берекенің, бауырмалдылықтың нышаны, жасампаздыққа, рухани тазаруға, рақымшылыққа итермелейді.

Кеш бойы мектептің концерт залы домбыра, қобыз, баян, саксофон, фортепиано үніне және сыңғырлаған бала дауыстарына толы болды. «Серпін» домбырашылар ансамблі, жетекшісі Н.Б. Қайшанов, Р.Бейсенұлы «Қолбасшы», Б.Бекмұханова «Шалкөде» туындыларын орындап мерекелік концертті бастады.

Саксофоншылар ансамблі, жетекшісі Е.М. Лысова, қобызшылар ансамблі, жетекшісі А.Б. Канаева, «Қоңыр саз» домбырашылар ансамблі, жетекшісі Б.К. Ишанқұлов, «Гварнели» скрипкашылар ансамблі, жетекшісі Н.В.Захарчук, тыңдаушылар жүректерін музыкалық аспаптар дыбыстарының әуенділігі мен көркемдігімен таң қалдырды.

Концертте Нұрай Усина, Мария Скорикова, Дина Досанның жеке және ансамбльмен ән орындауы ерекше болды.

Кеш соңында жоғары сынып оқушыларының хоры, жетекшісі К.В. Миронец, концертмейстер Д.С.Масленникова музыкасы Н.Римский-Корсаков , сөзі А.Толстой «Не ветер, вея с высоты», әні және сөзі И.Берлин, көркемдеу К.Шоу «Puttin on the ritz» әндерін орындады.

 «Бұл көктем, табиғат жаңаруының, жаңа өмір басталуының мерекесі. Шығыс күнтізбесі бойынша жыл басы саналатын осы күн, ежелден-ақ, жақсылық, ағайынның татулығын білдіріп, жасампаздыққа, рухани тазалыққа, рақымшылыққа үндейді және оқушылар осының барлығын өз орындауларында жеткізе алуға тырысты», - дейді мектеп басшысы Ольга Леонидовна Бобровская.