ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бірінші музыкалық мектеп домбырашыларының жеңісі
27-03-2017 04:19
Бірінші музыкалық мектеп домбырашыларының жеңісі

Павлодар қаласы Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің қазақа халық аспаптары бөлімінің оқушылары Астана қаласында өткен «Көктем әуені» конкурс-фестиваліне қатысты.  

Мектеп оқушылары өздерін тағы да көрсетіп, конкурстың барлық аталымдары бойынша жоғары орындаушылық деңгейлерін растады, педагогтар педагогикалық шеберлік пен кәсібилікті көрсетті. Конкурстың бас жүлдесі гран-приді Айшат Бақытова (домбыра) жеңіп алды, педагогы Қуаныш Мейрамұлы Ермекбаев. I-орынға «Серпін» домбыра ансамблі ие болды, жетекшісі Нұрлан Бақытұлы Қайшанов, Ерқанат Қайролла (домбыра), педагогы Гаухар Арғынқызы Абжанова, Эльнара Омарова (қобыз), педагогы Гүлмира Зетханқызы Тезекбаева. II-орынды «Қоңыр саз» домбыра ансамблі иеленді, жетекшісі Берік Қошанбайұлы Ишанқұлов, Сайя Жеңіс (домбыра), педагогы Бауыржан Болсынғазыұлы Қайырбеков, Айсана Сүлейменова (домбыра), педагогы Гаухар Арғынқызы Абжанова. III-орынды Дариға Сахиева (домбыра) қанағат тұтты, педагогы Берік Қошанбайұлы Ишанқұлов. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге атаулы нөмірлік дипломдар мен мадақтамалар берілді. Педагогтар мен ұжым жетекшілеріне Астана қаласы мәдениет басқармасының алғыс хаттары берілді.

Конкурс 2017 жылғы 21 - 25 наурызда Астана қаласының жаңа оқушылар сарайында өттті, Астана қаласы мәдениет басқармасы, ішкі саясат басқармаларының қолдауымен Қазақстандағы алдыңғы қатарлы Astana Stars халықаралық конкурс ұйымдастырушылық комитетімен ұйымдастырылды. Конкурсқа Қазақстан, Қырғызстан және Ресейден 8 - 25 жастағы 400 жуық балалар мен жасөспірімдер қатысты.

Қатысушылардың өнер көрсетуін Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер айтулы қайраткері Айтжан Токтаған, Қазақстан Республикасы мәдениетінің еңбегі сіңген қайраткері, Құрманғазы атындағы консерватория профессоры, музыкатанушы, Айгүл Күлбекова, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, педагогикалық ғылым докторы, Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, Қазақстан Республикасы хореографтары одағының мүшесі, мәдениет үздігі, Диана Агзамова. Қазылар алқасы жабық дауыс беру арқылы өнерге баға берді.