ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
4 - 7 сынып оқушылары арасындағы жасөспірімдер олимпиадасы
28-03-2017 11:12
4 - 7 сынып оқушылары арасындағы жасөспірімдер олимпиадасы

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2017 жылы 27 наурызда № 24 ЖОМ 4 - 7 сынып оқушылары арасында алғаш рет қалалық жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Олимпиада математика-жаратылыстану бағыты бойынша 8 пәннен тұрды. Жасөспірімдер олимпиадасының мақсаты - облыстық олимпиадаға қатысушыларды дайындау, дарынды балалармен жұмыс жасау сапасын жетілдіру, оқушылардың зияткерлік дамуын ынталандыру, бала дарындылығын дамытудағы мұғалімдер тәжірибесін тарату. Олимпиадаға 453 оқушы қатысты, оның ішінде 156-сы мемлекеттік тілде оқитын оқушылар.

Олимпиада қорытындысы бойынша І орынды - 5 оқушы, ІІ орынды - 7, ІІІ орынды - 18 оқушы иеленді. Оның ішіндебастауыш сыныптардан 4-сынып оқушыларынан Скиба София (№ 39 ЖОМ), Абзал Дильназ (№ 22 ЖОМ),орта буыннан биология пәні бойынша І орынды 6-сынып оқушысы Смокотина Анастасия (№ 17 ЖОМ), география бойынша 7 сынып оқушылары Полищук Юлия (№ 28 ЖОМ) және Бабкина Регина (№ 39 ЖОМ) иеленді. Олимпиада жеңімпаздары мен иегерлер арасында биология мен географиядан - 6 оқушы.

Жаспөсірімдер олимпиадасында алынған тәжірибелер оқушыларға одан ары қарай жоғарғы дәрежедегі зияткерлік сайыстарға қатысуға мүмкіндік береді.