ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жаңа жұлдыздар жарқырай берсін
29-03-2017 03:42
Жаңа жұлдыздар жарқырай берсін

2017 жылғы 24 наурызда облыстық М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Жаңа жұлдыз - 2017» облыстық әншілер шеберлігі байқауының ақтық туры өткізілді. Қазылар алқасы үш жас мөлшерінің катгориясындағы үздік әншілерді анықтады. Байқаудың дауссыз жеңімпазы ретінде қазылар алқасы № 25 ЖОМ оқушысы Данияр Акметбековты таңдады. Гран-при иегері Данияр жеңімпаз дипломын және символдық үлкен микрофон түріндегі кубокты алды. Дәл осы күні гала-концертте Данияр көрермендер алдында өз әндерін орындады.

«Жаңа жұлдыз» байқауының жүлдегерлері - бірінші, екінші және үшінші жүлделі орындар иегерлері, дипломдар мен кішкентай микрофон түріндегі кубоктар алды. Кіші жас мөлшері категориясында I-орынды Павлодар қаласының № 2 ЖОМ оқушысы Диас Каратай алды. II-орынды Кайыржан Асылхан, III-орынды группа «Тобы» (№ 35 ЖОМ) ие болды.  Қазылар алқасы үш номинацияға қатысушыларды мадақтады. «Ең үздік костюм» номинациясында № 35 ЖОМ оқушысы Бақберген Болтаев диплом алды, «Көрермендер мейірі сыйлығы» Жібекжан Мағамети, Алтынай Шамет, № 2 ЖОМ «Алтынай» дуэтінің орындаушылары қол жеткізді. Орын алмаған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

«Жаңа жұлдыз - 2017» облыстық әншілер шеберлігі байқауының іріктеу туры қортындысы бойынша 2017 жылдың ақпан айында байқаудың финалына 24 қатысушы өтті. Байқау Оқушылар сарайының көркем өнерге тәрбиелеу бөлімімен ұйымдастырылды.