ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытындысы
29-03-2017 09:10
Оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытындысы

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиададағы облыстық құрама команда құрамында Павлодар қаласы мектептерінің II дәрежелі диплом иегерлері атанған 11-сынып оқушылары: қазақ мектебіндегі орыс тілінен Тлектесова Асия, мұғалімі Манат Камелқызы Аубакирова (ЖОМ № 35), неміс тілінен - Кан Полина, мұғалімі Лидия Андреевна Шмидт («Стикс» мектебі). III дәрежелі дипломды иеленген неміс тілінен Адильсеитова Айдана, № 39 ЖОМ 10-сынып оқушысы, мұғалімі Татьяна Рафкатовна Мокроусова, француз тілінен - Протасов Богдан, «Стикс» мектебінің 11-сынып оқушысы, мұғалімі Татьяна Григорьевна Сигакова.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада 2017 жылғы 24 - 29 наурыз аралығында Ақтау қаласында өткізілді. Қазақстанның түпкір-түпкірінен 586 оқушы қатысты, соның ішінде облысымыздан 35 оқушы, облыстық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Олимпиада қортындысы бойынша облыс командасы І орынға ие болып, «Ең үздік олимпиадалық команда - 2017» атанды.  Зияткерлік жарыста павлодарлық оқушылар өздерін жоғары мәртебеде көрсетіп, 23 медальға ие болды, оның ішінде 2 алтын, 9 күміс, 12 қола. Жеті оқушы «Дарын» РҒПО-ның Құрмет грамоталарымен марапатталды.