ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалар суреттеріндегі әлем сұлулығы
30-03-2017 04:00
Балалар суреттеріндегі әлем сұлулығы

Павлодар қаласы № 2 Балалар көркемсурет мектебі ЭКСПО 2017 -Қазақстан - қуатты болашақ көрмесіне арналған «Әлем қандай тамаша» XIV қалалық балалар суреті байқауын өткізді. Байқау «Экологиялық сурет», «Жер болашағы сенің қолыңда», «Табиғатты қорғап, энергияны сақтайық» тақырыптары бойынша болды. Сайысқа сәбилер бақшасы балалары, М.Катаев атындағы облыстық балалар сарайы, жалпы білім беру  және көркемсурет, «Стикс» мектептерінен 4 - 13 жас аралығындағы  198 оқушы ат салысты. 2017 жылғы 27 наурыз күні мектебіміздің көрме залында сайыстың салтанатты ашылуы  өтті. Ашылу мерекесінде № 3 Балалар музыка метебінің оқушылары мен Никита Пономарев, Дана Джумалинова сынды жас әншілер өнер көрсетті. Олар қобыз және гитара сияқты аспаптармен классикалық шығармалар орындады.

Байқау тақырыбының күрделілігіне қарамастан, қатысушыларымыз берілген тапсырмаларды орындап шығып, қазылар алқасының  алдарына гуашьпен, фломастерлермен, акварельмен, бормен, пастельмен орындаған әсерлі де қызықты жұмыстарын ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша I орынды № 96 балалар бақшасының тәрбиеленушісі, 6 жастағы Алияр Садуев «Жел қуаты» суретімен, «Гүлді қала» суретімен Катаев атындағы балалар сарайының тәрбиеленушісі, 9 жастағы Даша Горбунова, № 2 Балалар көркемсурет мектебінің оқушысы, 14 жастағы Аня Зинченко «Болашақ энергиясы» суретімен иеленді. Ал 2 орынды дипломдармен № 14 балалар бақшасының 6 жастағы тәрбиеленушісі, Андрей Горобец «Бәрі біздің қолымызда» суретімен, сондай-ақ №2 Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары 7 жастағы Полина Прокопьева «Адам және табиғат» жұмысымен және 10 жастағы Карина Төлегенова «ЭКСПО бейнесі» суретімен марапатталды. № 2 Балалар көркемсурет мектебінің оқушысы, 5 жастағы Арианна Попыловских «Табиғатты сақтайық» суретімен, №1 Балалар көркемсурет мектебінің оқушысы, 9 жастағы Лера Андреева «Электромобильдер» жұмысымен, сонымен қатар № 39 ЖОМ-нің 11 жастағы оқушысы Оля Рабкова «Ел болашағы» суретімен 3 орынды иеленді.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер байқау ұйымдастырушылары атынан дипломдарға ие болып, сыйлықтармен марапатталды. Ал, осы жұмыстардың барлығы Астана қаласындағы «Энергияны сақтап, табиғатты қорғайық» Халықаралық байқауына жіберілді.