ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында
24-04-2017 08:59
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында

Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінде «Білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы жағдайында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру» тақырыбында әдістемелік жұмысқа жетекшілік ететін директор орынбасарларына қалалық семинар өткізілді. Семинардың бағдарламасы теория мен тәжірибе бөлімінен (ашық сабақтар) тұрды, қатысушылардың жұмысы 5 топқа ұйымдастырылды.

Семинарда «Қор қолдану мен жағдай туғызу туралы» тақырыбында мектеп директоры Т. А. Мигунова, «Білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы жағдайында оқу-тәрбие үрдісін әдістемелік жағынан ұйымдастыру» тақырыбында әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ш. С. Нұрахметова, «Сабақтарда қалыптастырушы бағалауды енгізу мониторингісінің ерекшеліктері туралы» тақырыбында педагогикалық шеберлік орталығының тренері сөз сөйледі. Пленарлық бөлімде № 16 лицей-мектебінің мұғалімдері оқу үрдісінде жаңартылған бағдарлама бойынша тәжірибелерімен бөлісті.  Мектеп психологі Е. А. Щербинина бірінші сынып оқушыларына жаңартылған білім мазмұны бойынша психологиялық көмек көрсету тәсілдерімен бөлісті. Директордың орынбасары Ж. Ж. Жаксылыкова білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша мұғалімдер мен ата - аналарға әдістемелік көмек көрсету жолдарымен бөлісті. Жас маман С. А. Сагитова 1-сыныпта жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ беріп тәжірибесімен бөлісті. № 33 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Л. А. Мухина 1-сыныпта бөлімдер мен тоқсандар бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесін қадағалау мониторингісін электронды форматта жасап  көрсетті.

Әрбір қатысушы жаңартылған білім беру мазмұнының бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін бастауыш сынып пен пән мұғалімдерінің 2 сабағына қатысты. Барлығы 10 сабақ өткізілді: ағылшын тілі, қазақ тілі, дене шынықтыру, жаратылыстану, сауат ашу, музыка, бейнелеу өнері, дүниетану.

Қатысушылар көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алып, ұжыммен сабақтарды талқылап, жемісті жұмыс жасады. Ашық сабақтарды талдау барысында өзін - өзі тану мен жаратылыстанудың ерекшеліктері анықталды. Бұның бәрі жаңартылған білім тәжірибе жүзінде қалай іске асырылып жатқанын көруге мүмкіндік берді. Семинар аясында көрме ұйымдастырылды: нормативтік құжаттар, мұғалімнің құжаттары, оқушылардың портфолиолары.