ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас таланттардың гала-концерті
24-04-2017 11:42
Жас таланттардың гала-концерті

Павлодар қаласының білім беру бөлімімен 2017 жылғы 21 сәуірде «Достық» мәдениет үйінің концерт залында XIII қалалық «Рауан» балалар мектепке дейінгі шығармашылығының гала-концерті өткізілді. Гала-концертке қаланың 31 мектепке дейінгі ұйымдарынан, 34 балалар шығармашылығының ұжымдары құрамында, 300 астам бала қатысты. Гала-концерттің қатысушылары фестивальдің екі іріктеу турының жеңімпаздары мен лауреаттары.

Гала-концерт бағдарламасында төмендегідей хореографиялық қойылымдар ұсынылды: «Планета детства» (№ 4 сәбилер бақшасы), «Шабыт үн» (№ 44 сәбилер бақшасы), «Сказочная гжель» ( № 38 сәбилер бақшасы), «Универсиада» (№ 28 сәбилер бақшасы), «За водой» (№ 84 сәбилер бақшасы), «Модники» ( № 42, 45 сәбилер бақшасы), «Полёт» (№ 104 сәбилер бақшасы), «Колыбельная» (№ 51 сәбилер бақшасы), «Маша и медведь» (№ 27 сәбилер бақшасы), «Карандаши» (№ 120 сәбилер бақшасы), әндер орындалды «Божья коровка» (№ 102,112 сәбилер бақшасы), «Тәтті» (№ 54 сәбилер бақшасы), «Мен қазақтың баласымын» (№ 35 сәбилер бақшасы), «Озорное детство» (№ 102 сәбилер бақшасы), «Біз бақытты баламыз» (№ 10 сәбилер бақшасы), «Мен қазақпын» (№ 37 сәбилер бақшасы), «Ертегілер» (№ 116 сәбилер бақшасы), «Хомячок» (№ 126 сәбилер бақшасы), «Фиксики» (№ 120 сәбилер бақшасы), «Астана» (№ 33 сәбилер бақшасы), «Зелёные лунатики» (№ 36 мектепке дейінгі шағын орталығы), «Детство» (№ 23 сәбилер бақшасы), «Лето» ( № 96 сәбилер бақшасы),  «Рауан» (№ 31 сәбилер бақшасы), «Көнілді күн» (№ 25 мектепке дейінгі шағын орталығы), «Еркемін» (№ 40 сәбилер бақшасы)  «Қасиетті домбыра» (№ 25 мектепке дейінгі шағын орталығы) «Танец под дождём» (№ 18 шағын орталығы), көркем сөз оқылды (мәнерлеп оқу) «Никто» (№ 33 сәбилер бақшасы), «Веснушки» (№ 51 сәбилер бақшасы), «Модница» (№ 2 сәбилер бақшасы), «Казахстан» (№ 116 сәбилер бақшасы), «Тәуелсіздік» (№ 47 сәбилер бақшасы), «Мен қазақпың» (№ 7 сәбилер бақшасы).

Конкурстың мақсаты - мектеп жасына дейінгі балаларды эстетикалық тәрбиелеу бойынша жұмысты белсендету, жас өнерлі балаларды анықтау, балалар мектепке дейінгі ұйымдарында көркем өнерді дамыту. Бірінші іріктеу турында 500 астам бала қатысты, екінші турда - 400 бала, 1-турдың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.