ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бәріне ортақ мектеп
25-04-2017 05:09
Бәріне ортақ мектеп

Павлодар қаласының № 40 жалпы орта білім беру мектебіне мекеме педагогтарымен жасалған «Бәріне ортақ мектеп» атты инновациялық жобасы  енгізілуде. Дамуында ерекше қажеттіліктері бар балаларға,  оралман балаларға арналған арнацы сыныптардың оқушылары аталған жобаның қатысушылары болып табылады. Жобаның инновациялық бағыты - бұл жалпы білім беру үдерісіне ішінара балаларды ықпалдау. Жобаға 1 сынып және 5 сынып оқушысы қатысады. Аталған санаттағы балалар оқу үдерісіне денсаулығы жағдайы, зияткерлік деңгейі, психологиялық ерекшеліктеріне қарай қосылады. Оларға сыныпта қарапайым балалармен сабақ оқуына,  қашықтықтан (үйде оқыту), сонымен қатар психологпен, логопедпен коррекциялық сабақтарына баруына барлық жағдайлар жасалған.

Эмоционалдық-еріктік саласын, ұсақ моториканы дамытуды, қабылдау, ойлау және сөйлеуді үйлестіру мақсатында балалар мен олардың ата-аналарына арнап мектепте арнайы жабдықпен қамтылған арт-терапия кабинеті жасалды. Негізгі әдістердің бірі құм терапиясы, гүл терапиясы, сурет терапиясы, ертегі терапиясы болып табылады. Арт-терапия сабақтарында түрлі әдістерді қолдану коррекциялық іс-шаралардың тиімділігін жоғарылатады, сонымен қатар әр балаға қосымша әлеует жасайды. Жеке және топтық жұмыс коррекциялық-дамытушы үдерісін ұйымдастыру формалары болып табылады. Параллельді оқитын оқушылар бос уақытында шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына қатысады. 2016 жылғы сәуір айынан бастап мектеп Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту бойынша координарлық кеңеспен және Көкшетау қаласында ««Мектеп» білім беру ұйымы жұмыскерлерінің ассоциациясы» қоғамдық ұйымымен жасалған республикалық жобаның серіктес-мектебі болып табылады.

Жобаны енгізудің бүгінгі күні нақты нәтижелері бар. 2016 жылғы сәуір айында жоба аймақтық жобалар сайысында арт-терапия кабинетін жасау бойынша І орынды иеленді. Мектептің шығармашылық тобымен авторлары қалалық әдістемелік-дидактикалық құралдар сайысының жүлдегерлері атанған әдістемелік құрал шығарылды. Қазіргі таңда 2017 жылғы қыркүйек айынан бастап мектепте коррекциялық-дамытушы оқыту кабинеті әзірленіп жатыр, балаларды жалпы білім беру үдерісіне мұғалімнің арнайы оқытылған көмекшілерімен(тьюторлармен) бірге қосу жоспарланып отыр. «Мектептің психологиялық-педагогикалық қызметі балалардың әрбір санатымен диагностик және баланың танымдық саласын, тұлғалық ерекшеліктерін, эмоционалдық-еріктік саласының кемшіліктерін коррекциялауға сәйкес жеке жүргізу жоспары жасалды. Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: психологиялық-логопедтік және медициналық сүйемелдеу, әлеуметтік бейімдеу, ата-аналармен жеке жұмыс», дейді мектеп директоры Любовь Владимировна Задубняк.