ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар қаласының білім беру мекемелеріне 123 жас маман жолдама алды
26-04-2017 05:45
Павлодар қаласының білім беру мекемелеріне 123 жас маман жолдама алды

Жоғары оқу орындардың түлектері, Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледждің, музыкалық колледждің бітіруші түлектерін алдын ала орналастыру шарасына Павлодар қаласының білім беру бөлімі де қатысты. Алдын ала орналастыру ағымдағы жылғы 20 - 22 сәуір аралығында Катаев атындағы оқушылар сарайында өткізілді.

Алдын ала орналастыру бойынша Павлодар қаласының мекемелеріне  Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының, Павлодар мемлекеттік университетің, Инновациялық Еуразия университетінің, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледждің, музыкалық колледждің 123 түлек орналастырылды, солардың ішінде 66 түлек жоғары оқу орындарының түлектері. Болашақ педагогтар арасында, жоғары білімді, көп тілде оқыту бағдарламасы бойынша оқығандары да бар.

Мектепке дейінгі білім беру мамандары мен орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдерінің қажеттілігіне байланысты, педагогикалық колледждің осы мамандықтағы түлектерінің 30% облыстық орталықта жұмыс істеуге қалады. Тек қана Павлодар қаласының №5 сәбилер бақшасына 6 маман жіберілді. Қалалық музыкалық мектептердің педагогтар корпусы 15 музыкантқа толықтырылады. Жыл сайын білім беру мекемелеріне 150-дей жас маман жұмысқа орналасады.