ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мұғалімдері жұмысы тәжірибесімен алмасу
26-04-2017 09:05
Қала мұғалімдері жұмысы тәжірибесімен алмасу

3 күн ішінде Қарағанды облысының 19 білім беру қызметкерлерінің құрамындағы делегациясы Павлодар қаласының білім беру мекемелерін тәжірибелерімен алмасу мақсатында жұмыс сапарымен келді. 2017 жылдың 24 сәуірінде қонақтар № 29 балабақшаны, Балалар техникалық мектепті, № 39 ЖОМ, 25 сәуірде - № 10 және 96 мектепке дейінгі мекемелерді, «Радуга» үйлесімді дамыту Орталығына, № 25 ЖОМ, 26 сәуірде - № 40 ЖОМ барып қайтты.

№ 10 балабақшада қонақтарға «Мәңгілік ел» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында балаларға рухани-адамгершілікті дамыту және тәрбиелеуді қалыптастыру жұмыстары көрсетілді, «Қазақстанның ұлттық-колданбалы өнері» көрме залының ашылу салтанатында болды.

№ 29 балабақшада оқытуды ұйымдастыру кезінде жүйелі-әрекетті және тұлғалық-бағытты әдістер арқылы балалардың ақпараттық-коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру, көптілділікті еңгізужұмыстарыкөрсетілді.

№ 96 балабақшада - оқыту мен тәрбиелеуде жаңа технологияларды еңгізу, авторлық бағдарламалар мен оқу әдістемелік кешенді жасау, ойлауды дамыту курстарындағы арнайы-ұйымдасқан сабақтар арқылы бала дарындылығын дамыту алғышарттарының бағдарламалары көрсетілді. Балалар техникалық мектебінде қонақтар материалды-техникалық базамен, робототехника, әуе модельдеу, кеме модельдеу әскери техника үйірмесінің экспонаттарымен, моншақ өру студиясы мен қағаз пластикасы, оқытушылар мен тәрбиеленушілердің жетістіктеріментаныстырылды.

№ 25 ЖОМ делегация мини-центрді, Тұңғыш Президент кабинетін, робототехника, ағылшын тілі, биология, информатика, алғашқы әскери дайындық, тоғызқұмалақкабинеттерін, кітапхананы, спорттық кешенді аралады.Жас ұландармен кездесу өтіп, ашық сабақтар өткізілді, үйірме жұмыстары, спорттық іс-шаралар көрсетілді.

№ 39 гимназиялық сыныптары бар инновациялық үлгідегі ЖОМдөңгелек үстел өткізілді. Делегация қазақ тілі және әдебиеті, робототехника, информатика, физика, математика, география, шахмат кабинеттерін аралады. Қонақтар мектептің материалды-техникалық базасымен және спорттық кондырғыларымен, мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктерімен танысты. Мектеп директоры Е. И. Булгакова лингвистикалық гимназия жұмыстары тәжібиресімен бөлісті.

№ 40 ЖОМ мектептің инновациялық бағытындағы жұмыстарымен таныстырылды. Қонақтар жалпы орта мектепте мүгедек балалардың жеке интеграциясы арқылы инклюзивті білім берудің негізгі бағыттарымен, көптілділікті еңгізумен, ақпараттық-коммуникативті технологиялар арқылы сыныптан тыс жұмыс барысында оқушылардың дарындылықтарын дамыту жұмыстарын ұйымдастырумен ғылыми-ізденіс әрекеті арқылы экологиялық біліммен қамтамасыз етумен, жоғарғы оқу орындарымен, мамандандырылған мектептермен, Павлодарское ауылы территориясында орналасқан экологиялық бағыттағы өнеркәсіптермен сыртқы серіктестіктері жұмыстарымен таныстырды.