ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Педагогикалық ринг- 2017» сайысының қорытынды кезеңі туралы
26-04-2017 11:40

2017 жылдың 27 сәуірінде сағат 15.00-де № 41 ЖОМ (Суворов көшесі, 41) «Педагогикалық ринг - 2017» қалалық сайысының қорытынды кезеңі өткізіледі.

Сайыс шығармашылықпен жұмыс істейтін жас мамандармен ПроЛС клубының қатысушыларының тәжірибесін тарату мақсатында өткізіледі (жас мамандардың кәсібилігін анықтау). Клуб жыл сайын өз қатарларына жас мамандарды, педагогикалық оқу мекемелерінің түлектерін қабылдайды. Сайыс екі кезеңнен тұрады: іріктеу кезеңі және финал. Өтінішті барлығы 26 команда берген.

Финалға іріктеу кезеңінен өткен жас мамандардан құралған № 9, 16, 21, 22, 25, 26, 30, 30, 34, 36, 43 қала мектептері шығады.

Сараптама комиссия мүшелері құрамына Павлодар мемлекеттік институтының ғалымдары мен оқытушылары, педагогикалық колледждің оқытушылары, қалалық кәсіподақ қызметкері, білім беру бөлімінің әдіскерлері, мектеп басшылары, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер кіреді.

«Педагогикалық ринг» финалында командалар электрондық таныстырулар көрсетеді, «Жылдам сұрақ» кезеңіне, «Өмір- ойын» педагогикалық жағдайларды шешулеріне қатысады, «Менің әуестігім» тақырыбы бойынша үй тапсырмасын қорғайды.

Сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге мадақтамалар табысталады.

                                                                                Павлодар қалалық білім беру бөлімі