ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Өзге ұлт өкілдері оқушылары мемлекеттік тілдегі білімдерін тексерді
16-05-2017 05:51
Өзге ұлт өкілдері оқушылары мемлекеттік тілдегі білімдерін тексерді

«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында № 22 ЖОМ-да Павлодар қаласы өзге этностық топтардың  мектеп оқушыларының арасында мемлекеттік тілді меңгеруге байланысты облыстық іріктеу кезеңі өтті. Мақсаты - мемлекеттік тілді үйрету арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту. Конкурс ұйымдастырушы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы, Павлодар  қалалық білім беру бөлімі.

Конкурсқа Павлодар қаласының жалпы орта білім беру 40  мектебінен 78 оқушы қатысты,  олардың ішінен  30 оқушы 1 - 4 сыныптардан,29 оқушы 5 - 8 сыныптардан, 19 оқушы 9 - 11 сыныптардан. «Асыл сөз» байқауына қатысқан оқушыларға қойылған талаптар-таныстыру (қатысушы өз-өзін таныстырады), шешендік өнер(өлең, шығармадан үзінді оқиды), викторина (сұрақ-жауап).

Іріктеу кезеңі бойынша облыстық кезеңге 14 оқушы  қатысады, олардың ішінен 5 оқушы 1 - 4 сыныптардан, олар: № 28 ЖОМ-ның 1-сынып оқушысы Сердюкова Эвелина, Кенжекөл ЖОМ  2-сынып оқушысы Ленчик Камиль, № 9 мектеп-гимназиясынан 2-сынып оқушысы Фролова Алина, №16 лицей-мектебінен 3-сынып оқушысы Фомина Александра, № 14 ЖОМ 4-сынып оқушысы Рослякова Хава; 5 - 8 сыныптар арасынан 7 оқушы: № 24 ЖОМ 6-сынып оқушысы Кине Станислав, № 43 ЖОМ 7-сынып оқушысы Галюра Яна, № 33 ЖОМ 7-сынып оқушысы Ханларова Каратен, № 7 ЖОМ 8-сынып оқушысы Конькова Кристина, № 17 ЖОМ 8-сынып оқушысы Лесицына Татьяна, № 42 ЖОМ 8-сынып оқушысы Магграмова Эльвин, № 42 ЖОМ 8-сынып оқушысы Кальмаевр Эрика; 9 - 11 сыныптардан 2 оқушы: № 20 лицей мектебінен 9-сынып оқушысы Прохоренко Анна, «Стикс» мектебінен 9-сынып оқушысы Джафарова Айлина. Облыстық кезең 2017 жылдың мамыр айында өткізіледі.