ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалардың жазғы демалысы мен бос уақыттарын қамту мәселелері бойынша қалалық семинар
17-05-2017 11:25
Балалардың жазғы демалысы мен бос уақыттарын қамту мәселелері бойынша қалалық семинар

Павлодар қаласының білім беру бөлімімен № 24 ЖОМ «Жаз - 2017» жазғы демалыс мезгілінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақыттары мен жұмыспен қамтылуларын қамтамасыз ету мәселелері бойынша қалалық   нұсқаулық-әдістемелік семинар кеңесі өткізілді. Семинарға қалалық жалпы орта мектептер директорларының тәрбие жұсысы жөніндегі 88 орынбасарлары, мектеп жанындағы лагерьлер басшылары, ювеналды полиция, санитарлық-гигиеналық қадағалау, өрт қауіпсіздігі өкілдері қатысты. Семинардың мақсаты -  жаз мезгілінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру, сауықтыру және бос уақыттарын қамту мәселелерінде ақпараттық-әдістемелік көмек беру.

Семинарда Павлодар қаласының жалпы орта мектептерінде «Жаз - 2017» жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру бойынша жұмыс жоспары көрсетілді. Павлодар қаласы төтенше жағдайлар басқармасының мемлекеттік өрт сөндіру бөлімінің аға инженері Назарчук-Глухова Евгения Валентиновна жазғы демалысты ұйымдастыру кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы түсініктер берді. Павлодар облысы жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Бибугуль Толешқызы Камзина «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қолданылатын шаралар туралы» ақпарат ұсынды. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының санитарлық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттердің орындалуын бақылау бөлімінің басшысы Гульнара Багадатқызы Акылбекова мектеп жанындағы лагерьлердің жұмысын ұйымдастыру кезіндегі санитарлық-гигиеналық талаптар және тамақтан ұшынудың (уланудың) алдын алу туралы айтып берді.

Жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша жұмыс жоспарына сәйкес қаланың 42 жалпы орта мектептерінде 2017 жылғы 2 маусымнан бастап 15 шілдеге дейін 1-4 сыныптар оқушыларына жалпы қамтуы 14120 (74%) оқушыны, соның ішінде 4130 бала әлеуметтік-қорғалмаған отбасылар балаларын, солардың ішінде 295 жетім-балаларды қамтитын мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істейтін болады. Оқушылардың бос уақыттарын ұйымдастыруды қамту мақсатында 5-9 сыныптар оқушыларының жалпы санынан 12400 (77%) оқушыны қамтитын, профильді лагерьлер жұмысы жоспарланып отыр. Тілдер лагерьлері, шахмат пен робототехника үйірмелері және қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйренем деушілерге «Дарын», «Лингвист» профильді мектептері жұмыстарын жалғастырады.

Жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша жұмысы сондай ақ қаланың мектептен тыс мекемелерінде жүргізіледі, оларда 25 000 астам балалар мен жасөспірімдер қамтылады. «Павлодар дарыны» балалар бос уақытын қамту және дарындылығын дамыту орталығы мен «Жер байлығы»балалар – жасөспірімдер экология және туризм орталығының «Бала. Әлем» атты жазғы жобаларының презентациясы ұсынылды.

Қала сыртындағы лагерьлердегі демалыспен 7500 жасөспірімді қамту жоспарланып отыр. Баянауыл ауданының «Жас даурен» қала сыртындағы оқу-сауықтыру орталығында отбасыларда тұрып жатқан, 165 жетім балалар мен аз қамтамасыз етілген отбасы балалары денсаулықтарын сауықтырады. «Жаз 2017» жобасы шеңберінде еңбекпен 2476 оқушыны қамту жоспарланды: қала аумағын көріктендіру және жасылдандыру бойынша еңбек жасақтарында -  1134 оқушы, денсаулық сақтау мекемелерінде - 900 оқушы, қалалық кәсіпорындарда - 442 оқушы. 15 күнге 4 сағаттық жұмыс күні үшін орташа еңбек ақылары 15000 теңгені құрайды. Одан басқа, мектептердің еңбек жасақтары мен «Жасыл ел» жауынгерлеріне 4,8 теңге көлемінде жол жүру үшін бір жолғы өтемақы қарастырылады.

Атқарылатын шаралар қортындысы бойынша күтілетін нәтиже, түрлі есепке тіркелген, балаларды 100 % қамту, балалардың денсаулықтарын сауықтыру, әлеуметтік факторлардың жағымсыз ықпалын төмендету болып табылады. Семинар қортындысы бойынша қатысушыларға әдістемелік ұсынымдар берілді.