ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Біз сіздерді ұмытпаймыз, қаһармандар
18-05-2017 11:33
Біз сіздерді ұмытпаймыз, қаһармандар

Павлодар қаласы Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығымен бірге ҚҚ «Ауған соғысы және жергілікті жауыңгер» «Ұмытылмас каһармандар» атты әскери-отансүйгіштік әнінің қалалық шығармашылық конкурсын өткізді. Мақсаты - жастардың бойындағы рухани-адамгершілік, отансүйгіштік санасын тәрбиелеу, туған елінің мүдделерін қорғау бойынша конституциялық міндеттері мен азаматтық борышын орындауға дайындығын қалыптастыру, Қазақстан халықтарының достастығы мен біртұтастығын нығайту, шығармашылық әлеуетті дамыту және қолдау болып табылады. Конкурста 190-нан астам оқушылар № 4, 9, 11, 13, 15, 16, 24, 26, 27, 28, 29, 34, 35, 36, 37, Жетекші, Кенжекөл ЖОМ, облыстық М. Катаев атындағы оқушылар сарайынан тәрбиеленушілері қатысты.

Конкурс келесі номинациялармен: жеке орындау, дуэт, вокалдық топ бойынша өкізілді. Конкурс репертуарында Ұлы Отан соғысына дейін және кейін, қазіргі замандағы өткен ерлік істері туралы және патриоттық әндер қосылды. Ән орындау барысында тақырыбқа сай сахналық көрініспен сүйемелденді. Байқау қорытындысы бойынша I орынды «Вокалдық топ»номинациясында № 24 ЖОМ оқушылары, № 34 ЖОМ, ІІ орын - № 16 ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ, ІІІ орын - № 36 ЖОМ, 28, 15, «Дуэт» номинациясы бойынша І орынды № 11,13 ЖОМ, II орынды - № 9, 35ЖОМ, ІІІ орын - № 27ЖОМ, «Жеке ән орындау» номинациясы бойынша І орынды № 37 ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ, ІІ орын - № 6, 5ЖОМ, III орын - № 4ЖОМ, Жетекші ЖОМ оқушылары иеленді.

Қатысушыларды әділ-қазылар алқасы бағалады,оның құрамында: Евгения Борисовна Бережная«Серебряные струны» авторлық әндер клубының жетекшісі және Славян орталығының басқарма мүшесі, Темиргалинова Айгерим Байтурсыновна жұмыспен қамту және Павлодар қаласы дарынды балалар орталығының басшысының орынбасарыміндетін атқарушы,  Емельянов Сергей Викторович, жауынгер-интернационалист қоғамдық қорының ауған соғысының ардагерлері.«Бүгінгі күні өскелең ұрпақ сирена айқайы, жарқыншақ зуылы, қаза қайғысы жоқ кезде кемел және есейген шаққа келіп, біздің естелігіміз қасиетті болып табылады.Кім қандай орын алғаның маңызды емес, ең бастысы осы іс-шарадан өзінің жеке тағдырына қатыстылығы, халықтың жетістіктері мен істері және біздің еркін еліміз үшін айрықша алғыс сезімімен іс - шарадан кеткені белгілі», - деді Евгения Борисовна. Іс-шара аяқталғаннан кейін қоғамдық қордың өкілдері конкурсқа тысушыларын тәжік палауымен қонақ етті.