ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ең жақсы мектеп волейбол лигасы
23-05-2017 03:14
Ең жақсы мектеп  волейбол  лигасы

Павлодар қаласы № 37 ЖОМ қаланың жалпы білім беру мектептерінің  5 - 8 сыныптарының ұлдар және қыздар құрама командасының қатысуымен волейбол бойынша мектеп  волейбол лигасы жарысының салтанатты жабылуы өтті. Осы күні білім беру мекемелерінде спорттық-дене шынықтыру жұмысы, дене шынықтыру мұғалімдері және мектеп волейбол командасының жылдық қорытынды жұмысы жасалды. Команданы құттықтау және марапаттау үшін спорт және білім беру қызметкерлері шақырылды: педагогика еңбек ардагері, волейбол бойынша спорт қозғалысын дамытудың  белсенді қатысушысы Мамашев Талғат Фаридұлы, облыстың білім беру басқармасы  спорт және дене шынықтыру  аймақтық оқу-практикалық орталығы және спорт бөлімінің бастығы Баймолдин Мейрам Оразбайұлы және  Павлодар қаласы спорт және дене шынықтыру бөлімі басшысының м. а. Асаинова Күмісай Кайратқызы. 5 - 6 сыныптарының ұлдар командасы арасында волейбол бойынша жарыс қорытындысы бойынша I орын № 36 ЖОМ, II орын - № 19 ЖОМ, III орын - № 35 ЖОМ командасы,  IV орын - № 2 ЖОМ командасы ие болды, қыздар командасы арасында I орын № 2 ЖОМ  командасы, II орын - № 16 ЖОМ командасы, III орын  - № 11 ЖОМ командасы, IVорын  -№ 4 ЖОМ командасы ие болды. 7 - 8 сынып ұлдар командасы арасында  I орын № 12 ЖОМ  командасы, II орын - № 43 ЖОМ командасы, III орын - № 34 ЖОМ командасы, IV орын - № 37 ЖОМ командасы ие болды, қыздар командасы арасында I орын № 2 ЖОМ  командасы, II орын - № 29 ЖОМ командасы, III орын  - №18 ЖОМ командасы, IVорын - № 22 ЖОМ командасы ие болды.

Жарыс жеңімпаздары «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және  балалардың дарындылығын дамыту орталығының құнды  сыйлықтары,  медальдары,грамоталарымен, Павлодар қаласы спорт және дене тәрбиесі бөлімінің кубогымен марапатталды. II, III, IV орын алған командалар медаль және дипломдармен марапатталды. Жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесі және балалар спартын дамытуда, спорттық жарыстарды ұйымдастыруда бірлескен жұмысы үшін   «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және  балалардың дарындылығын дамыту орталығының дипломымен  Хитров Николай Николаевич (№ 4 ЖОМ), Байжириков Думан Бехмахамбетұлы (№ 35  ЖОМ), Айтжанов Серік Болатұлы (№ 2 ЖОМ) дене шынықтыру мұғалімдері марапатталды. Жастар оқушылар арасында салауатты өмір сүруді насихаттау және мектеп волейбол лигасын дамытуда маңызды  үлес қосқан «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және  балалардың дарындылығын дамыту орталығының  ұйымдастырушы-ұстазы Кенжегалина Айнагүл Аманкелдіқызы, дене шынықтыру мұғалімдері № 4 ЖОМ Белова Ирина Сергеевна, № 17 ЖОМ - Помазанова Полина Геннадьевна облыстық білім беру басқармасы аймақтық оқу-практикалық дене шынықтыру орталығының Құрметті грамотасымен марапатталды. № 2 ЖОМ қыздар  құрама командасы мен № 12 ЖОМ ұлдар құрама командасы Баянауылда облыстық  жарысқа  қатысады.

Волейбол   лига  2013 жылдан өткізіледі және қаланың  жас  спортшылары  үшін  дәстүрлі спорттық мереке болды. Мақсаты - талантты спортшыларды айқындау, командалық  жарысқа ,үнемі дене шынықтыру сабағына  баулу,  спорт және салауатты өмір сүруді насихаттау. Топ бойынша   спорттық ойынға (5  - 6 сыныптар, 7 - 8 сыныптар) 1000 бала қатысуымен мектептің 49 командасы қатысты. Лига 2016 жылы  қыркүйек айында бастау алды және  2017 жылы 19 мамырда  салтанатты жабылуымен  аяқталды. Дәстүр бойынша жарыс жабылуы жалаулар тобының  салтанатты маршымен  өткізілді. Жарыс ұйымдастырушысы-Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және  балалардың дарындылығын дамыту орталығы» Павлодар қаласы  спорт және дене тәрбиесімен  бірлесіп ұйымдастырды.