ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагог мамандардың аттестациясы білім сапасын арттырудағы маңызды фактор ретінде
23-05-2017 04:02
Педагог мамандардың аттестациясы білім сапасын арттырудағы маңызды фактор ретінде

Білім беру мекемелерінің педагог жұмыскерлерін аттестациялау туралы комиссия жұмысының қортындысы бойынша Павлодар қаласы білім беру бөлімінің аттестациялық комиссиясының отырысы өтті. Ағымдағы жылы білім беру ұйымдарының аттестациялық комиссиясына 942 өтініш келіп түсті, соның ішінде өзінің бар санатын растауға 238, санат иеленуге 704. Екінші санатты иеленуге 252, бірінші санатқа 277, жоғары санатқа 175.

Аттестациялық кампания кезінде білім беру мекемелерінде педагогтарға өз әріптестерімен жұмыс тәжірибелерімен бөлісу мүмкіндігі берілді. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті облыстық білім саласын дамыту Инновациялық орталығының әдіскерлерімен бірлесе бірінші және жоғары санатқа аттестациядан өтушілердің педагогикалық қызметіне сараптама жүргізілді. Аттестациялық кезеңде педагогикалық қызмет жүйесінің мультимедиялық презентацияларымен мұғалімдердің 476 шығармашылық есептері тыңдалды. Мұғалімдер аттестациясы шеңберінде қала мектептерінде әдістемелік күндер өткізілді, онда аттестациядан өтуші мұғалімдер өздерінің шығармашылық есептерін, ашық сабақтар көрсетті. Осы кезеңде аттестациядан өтуші мұғалімдермен 330 сабақтар, облыс және қала мұғалімдерінің қатысуымен 67 семинар, қала мұғалімдері үшін 44 шебер-сыныптар өткізілді, соның ішіндегі 35 мұғалім жас мұғалімдермен жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Павлодар қаласының білім беру мекемелеріндегі  14 педагог облыс деңгейінде педагогикалық жұмыс тәжірибесін жинақтап қортындылады, республика деңгейінде - 4 педагог.

Қалалық аттестациялық комиссия отырысы 2017 жылғы 10-15 сәуір аралығында өтті. Комиссия мүшелері барлық педагогтардың портфолиоларын зерттеп қарап шықты, жұмыс нәтижелері, шығармашылық және заманауи мүмкіндіктері талданды. Материалдарды қарастыру барысында педагогтар қызметінің барлық аспектілері жанжақты зерделенді. Білім беру мекемелеріндегі аттестация қорытындысы көрсеткендей, мерзімінен бұрын санат алуға үміткерлер саны артып келеді, 10 нан 20% дейін, педагогтардың түрлі деңгейдегі конурстар мен жарыстарға қатысулары байқалады.

Қаланың педагог ұжымдарымен біліктіліктерін арттыру бойынша жұмысы жүйеленді. Ол туралы бірінші және жоғары санаттағы педагогтардың оң динамикасы дәлелдеп отыр. 2015 жылы - 68,3 %, 2016 жылы - 68,5%, 2017 жылғы ағымдық аттестация нәтижесін есептегенде - 73%. Осы көрсеткіш бойынша қала тұрақты түрде 1-рейтингтік көрсеткіште тұр. 2017 жылғы 17 мамырдағыжоғары санатты алуға және растауға байланысты өткен, облыстық аттестациялық комиссия отырысының қортындысы қалалық білім беру бөлімінің көрсеткіші болып табылады. 370 педагогтардың өтініштері қанағаттандырылды, солардың ішінде 175 педагогтарға жоғары санат берілді, солардың ішінде 29 педагог тестілеуден ойдағыдай өтіп, мерзімінен бұрын аттестациядан өтті.

Жалпы алғанда аттестация қаланың педагогтар корпусының жоғары мүмкіндігін растады және болашақта кәсіби, материалдық өркендеуіне мүмкіндік жасады, заманауи және шығармашылық ізденіске қолдау көрсетті.