ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Роботты техникадан облыстық фестивалінің қорытындысы
23-05-2017 08:35
Роботты техникадан облыстық фестивалінің қорытындысы

Роботты техникадан облыстық фестивалінің шеңберінде республикалық іріктеу чемпионатының қорытындысы бойынша Павлодар қаласының № 40 ЖОМ 8-ші сынып оқушылары «Кедергілері бар жолдар бойынша жарыстар» санатының кіші тобында Лукаш Сергей, Қасенов Тимур ІІ орынды, «Робосумо мини» санатында 8 сынып оқушылары Попатенко Руслан, Демидюк Александр ІІІ орынды иеленді. Оқушылар роботты техникамен 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап информатика мұғалімі Руслан Валентинович Бачиевтің жетекшілігімен айналысып келеді. Ағымдағы жылдың сәуір айында мектеп оқушылары «Робосумо» санатында WRO - 2017  ережесі аясында роботты техникадан аймақтық жарыстардың жүлдегерлері атанды. Фестивальдің барлық жүлдегерлері сый ретінде «Астана ЭКСПО - 2017» «Болашақ энергиясы» Халықаралық көрмесіне билеттер, ал қатысушылар -  «КазРоботикс» сертификаттарын алды.

Роботты техникадан облыстық фестивалі 2017 жылғы 18 - 19 мамыр күндері  облыстың білім беру басқармасы мен Қазақстандық «КазРоботикс» роботты техника Федерациясының Павлодар облысы филиалымен ұйымдастырылып өткізілді. Жарыстарға Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларының, облыс аудандары колледждері, жалпы білім беру және мамандандырылған мектептерінің 160-тан аса оқушылары қатысты. Фестиваль бағдарламасы бойынша  «KazRoboSport - 2017» спорттық роботты техникадан жарыстар, «KazRoboProject» роботты техника жобалары және 3D- модельдеу бойынша сайыстар өткізілді. Жарыстар бастаушы командалар үшін «Жолдар бойынша жарыстар», «Кегельринг» және «Робосумо», қиынырақ санаттар бойынша  «КазРоботикс» роботты техникасы Қазақстан Федерациясының қамқорлығы аясында роботты техникадан Республикалық чемпионатта облыстық құрама командасындағы орынға үміткер командалары үшін «Кедергілері бар жолдар бойынша жарыстар», «Кегельринг квадро», «Робосумо мини» өткізілді. Фестиваль аясында республикалық роботты техникадан KazRoboProject - 2017 ғылыми-техникалық жобалар сайысының іріктеу кезеңі өткізілді.

Фестиваль аясында Республикалық KazRoboSport - 2017 іріктеу чемпионаты, «KazRoboProject» роботты техникалық жобалар сайысы және 3D-модельдеу бойынша олимпиада өткізілді. Жарыстар бастаушы командалар үшін «Жолдар бойынша жарыстар», «Кегельринг» және «Робосумо», қиынырақ санаттар бойынша  «КазРоботикс» роботты техникасы Қазақстан Федерациясының қамқорлығы аясында роботты техникадан Республикалық чемпионатта облыстық құрама командасындағы орынға үміткер командалары үшін «Кедергілері бар жолдар бойынша жарыстар», «Кегельринг квадро», «Робосумо мини» өткізілді. Облыста тұңғыш рет 3D-модельдеу бойынша олимпиада ұйымдастырылды. Жарыстың берілген түрінің серіктесі олимпиада жеңімпаздарына жүлде қоры ретінде технологиялық жаңа-өнім 3D-қаламдарын ұсынған «3DLab» Алматы кампаниясы болды.