ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагог жетістіктерінің байқауы
24-05-2017 04:02
Педагог жетістіктерінің байқауы

«Үздік педагог» республикалық сайысының  облыстық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша облыстық команда құрамына № 28 ЖОМ  география пәні мұғалімі Светлана Николаевна Барвих, Павлодар қаласының № 19 ЖОМ информатика пәні мұғалімі Алмаз Сансызбайұлы Серікбаев енді. С. Н. Барвих «Педагогикалық бастамалар - 2016» атты республикалық сайысының II орын иегері, тәжірибесі қала, облыс, республика  деңгейінде таратылған. А. С. Серікбаев «Талантты ұстаз - дарынды балаларға», «Ең үздік авторлық бағдарлама» атты республикалық сайыстарында I орынға ие болды.  Олар облыс командасының құрамында «Үздік педагог - 2017» республикалық сайысына қатысады.

Облыстық «Үздік педагог - 2017» сайысына сайыстың қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты. Команда құрамына № 28 ЖОМ география пәні мұғалімі Светлана Николаевна Барвих,  № 25 ЖОМ қазақ тілі пәні мұғалімі Меруерт Әсетқызы Теміржанова, № 29 балабақша тәрбиешісі Алина Генриховна Терешкова, № 16 лицей-мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жанар Жұмағұлқызы Жақсылықова, № 19 ЖОМ информатика пәні мұғалімі  Алмаз Сансызбайұлы Серікбаев, № 29 ЖОМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Наталья Сергеевна Остапенко енді. «Сайыс ұзақ жылдар бойында педагогтің жеке жетістігінің байқауы ғана емес, жалпы қалалық білім беру жүйесі жетістігінің байқауы болып табылады», - деп  әдістемелік кабинет меңгерушісі Шолпан Сәменқызы Нұрахметова атап өттті.

«Үздік педагог» республикалық сайысының облыстық кезеңін Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығы өткізді.  Мақсаты - кәсіби қызметінде жоғары жетістіктерге қол жеткізген, балаларды оқыту және тәрбиелеуде стандартты емес педагогикалық идеялар мен жаңалықтарда ізденушілікпен және шығармашылықпен жұмыс атқаратын педагогтерді  ынталандыру және мәртебесін көтеру. Сайысқа облысымыздың қалалары мен аудандарының жалпы орта білім беру мектептерінен, мектепке дейінгі мекемелерден 40 астам педагог қатысты.