ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тілді бала кезден үйреніп келемін
24-05-2017 05:31
Тілді бала кезден үйреніп келемін

Павлодар қаласының № 46 сәбилер бақшасы аясында «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында мектепке дейінгі мекемелердің өзге ұлт балалары арасында «Тиімді тілдік орта» ойын алаңы бағдарламасы бойынша қалалық конкурс өтті. Конкурстың негізгі мақсаты - мемлекеттік тілді үйрету арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту болды. Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ тілі мен мәдени ортасына бой үйретіп, мемлекеттік тілді меңгеруіне, қазақтың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бойына  сіңіру мүмкіндіктерін көздешен еді. Конкурсқа 30 қала балабақшаларының ересек және даярлық топтарының және мектеп жанындағы шағын орталықтардың балалары өзге ұлт өкілдері қатысты.

Қалалық конкурс «Тиімді тілдік орта» аясында өтті. Қатысушылар қазақ тілінде өздерін таныстырып, қазақтың ұлттық ойындарының шартын түсіндіріп, шешендік өнерлерін көрсете білді. Конкурс қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен № 24 сәбилер бақсасы Ким Тамир, ІІ дәрежелі дипломды № 42 оқу-тәрбие кешені Мусинская Виктория, І дәрежелі дипломмен № 23 сәбилер бақшасы Климкина Наина марапатталды. «Бас жүлде» номинациясын №104 сәбилер бақшасы Кромер Кира жеңімпаз атанып, облыстық сайысқа қатысатын болды. Кираның ұлты - неміс. Ол сайыста Мұқағали Мақатаевтың «Отаным» өлеңін асқан шеберлікпен айтып шықты. Одан басқа сайыста жақсы дайындықтарын көрсете білген № 53 сәбилер бақшасы, № 96 сәбилер бақшасы, № 93 сәбилер бақшалары, № 126 сәбилер бақшаларын  атап кетпеуге болмас.