ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас гимнастшының жетістігі
24-05-2017 06:11
Жас гимнастшының жетістігі

      2017 жылғы сәуір айының 22 - 23 күндері  өткен «Қазақстан үміттері» атты көркем гимнастикадан облыстық чемпионат қорытындысы бойынша Павлодар қаласы Бауыржан Момышұлы атындағы № 22 жалпы орта мектептің 5 сынып оқушысы Кабиболла Жулдыз ІІІ орынға ие болды. Қыздың көркем гимнастикаға деген қызығушылығы мектепке дейінгі жасынан байқала бастаған. Ол 8 жыл бойы «Нептун» спорттық кешенінде  тренер

 

   Өзінің 12 жасында ересек 1-ші разряд дәрежесінен басқа республикалық, халықаралық, облыстық деңгейдегі  20-дан аса медальмен мен грамоталары бар.Спортшылар тобы құрамында Жұлдыз топтық жаттығуларда көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының абсолютті чемпионы.

    Спорттық өмір сапар шегумен байланысты болғандықтан, қызымыз Қазақстанның және жақын шетел елдердің көптеген қалаларында болып қайтты. Денеге түсетін ауырлыққа қарамастан, гимнастикамен айналысу Жұлдызға өте ұнайды және де қызымыз осы жетістіктермен тоқтап қалмайтынын білдірді. «Жұлдызды әлі де алда көптеген жұлдызды жеңістер кутіп тұрғанына  және де Олимпиада ойындарында оның республика атағын қорғай алатынына сенім артамыз», - деп, тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Акбанова Айжан Хабибулловна өз сөзінде айтып өтті.