ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Мың бала» облыстық сайысының қорытындысы
26-05-2017 03:43
 «Мың бала» облыстық сайысының қорытындысы

Жалпы білім беру мектептерінің өзге ұлт өкілдері оқушыларының арасында өткен мемлекеттік тілді білуі бойыншареспубликалық мәдени - ағартушылык «Мың бала»  жобасының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша, Павлодар қаласының екі оқушысы жүлделі орынға ие болды. I орынды № 13 ЖОМ 7-сынып оқушысыЛисицина Елена, IIIорынды № 20 лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы Прохоренко Анна иеленді. Елена смартфон сертификатын және маусым айында болатын «Мың бала» республикалық сайысына қатысу жолдамасын алды. Елена осы мектепте бесінші сыныптан оқиды, пәндер бойынша үздік, сыныптың, мектептің қоғамдық жұмысына белсене қатысады, шығармашылық «Балауса», «Мы не забудем, Вас герои» сайыстарында жүлделі орындарға ие болған, қазақ тілі бойынша республикалық қашықтық олимпиадалар қатысушысы. Қазақ тітілің «Қазақша сөйлейміз» үйірмесіне қатысады. Сайыстар өткізу, оқушыларды ұйымдастыру, топ басшылық қабілеттері жоғары. Жан-жақты, сыныптастарымен белсенді қарым-қатынаста, бос уақытында хореографиялық үйірмеге,мектептің «Вокал» вокалдық студиясына қатысады. Журналист болуды армандайды, сол себепті мемлекеттік тілді меңгеруде.Анна бірінші сыныптан оқу озаты. Мектепте өз бетінше ағылшын тілімен қатар қазақ тілін үйренді. Ол М. Утемисовтың, Ж. Аймауытовтың, С.Торайгыровтың түпнұсқалы шығармаларын оқып, қазақ халқының салт-дәстүрлеріне қызығушылык білдіреді. Өзінің ашықтығы. толеранттылығы, Қазақстанның көпсалалы мәдени мұрасына деген құрметініңарқасында қазақ тілімен әдебиетінен білімін көрсете алды. Сайыста ақындық біліктілігі, шеберлігімен Торайғыровтың «Қамарсұлу», Ж. Аймауытовтың  «Қартқожа» романдары үзінділерін жатқа оқып беріп, М. Өтемісұлының «Жалғыздық» өлеңін оқыды. Өз өнерін көрсетіп, таныстырудан-ақ көрермен көзайымына айналды. Аннаға қалалық , облыстық кезеңдерге дайындық кезінде 10-сынып оқушылары Дюсенбаева дильназ және Шортомбаева Еркежан, қазақ тілі мұғалімі Меруерт Сабитовна  Шоманқызы көмектесті.

Республикалық  «Мың бала» сайысының облыстық кезеңі  облыстың Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Павлодар қаласының білім беру бөлімімен бірлесіпөткізілді. Мақсаты - интеллектуалды-шығармашылық сайыс, өзге ұлт өкілдері оқушыларының арасында  мемлекеттік тілді көпшілікке насихаттау. Сайысқа облыстың қала,аудан жалпы оқыту мектептерінен 50-ден астам оқушылары қатысты.