ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагогикалық идеялар интернет-фестивалінің қорытындысы
26-05-2017 08:14
Педагогикалық идеялар интернет-фестивалінің қорытындысы

 

«Үздік интерактивті сабақ» педагогикалық идеялар интернет-фестивалінің қорытындысы бойынша жүлдегерлер мен жеңімпаздар құрамында ІІ орынды «Жаратылыстану-математикалық пәндер» бағытынан № 21 ЖОМ информатика мұғалімі Аяулым Нурмуханбетовна Немгетерова, 2 орынды «Бастауыш сыныптардағы оқыту» бағыты бойынша № 9 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Валентина Викторовна Черняева, І орынды «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» бағыты бойынша № 26 ЖОМ орыс әдебиеті пәні мұғалімі Анна Васильевна Резник, ІІ орынды Павлодар қаласы № 39 ЖОМ ағылшын тілі пәні мұғалімі Светлана Владимировна Фельдман иеленді. «Жаңашыл» номинациясы бойынша облыстық білім беру басқарамы грамотасымен  Павлодар қаласының № 9 ЖОМ ағылшын тілі мұғалімі Ольга Николаевна Владыкина, «Іздемпаз» номинациясында Павлодар қаласының  № 9 ЖОМ математика пәні мұғалімі Валентина Алексеевна Устюжанина, Шығармашыл» номинациясында Павлодар қаласының №1 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Алтын Кабдылхамитовна Сейтова, Павлодар қаласының №43 ЖОМ информатика мұғалімі Ирина Анатольевна Пирожникова иеленді.

Интернет-фестиваль 2017 жылдың 3 наурыз - 25 мамыр аралығында интерактивті жабдықтарды білім беру үдерісінде қолдану аясында педагогтардың кәсіби шеберліктерін жетілдіру, белсенді және дарынды оқытушылардың үздік іс-тәжірибелерін жинақтау және тарату, оларға қолдау көрсету мақсатында облыстық білім беру басқармасы мен облыстық ақпараттық технологиялар Орталығымен өткізілді. облыс ұстаздары арасында «Үздік интерактивті сабақ» атты педагогикалық идеялар интернет-фестивалін өткізді. Фестиваль жаратылыстану-математикалық пәндер, қоғамдық-гуманитарлық пәндер, бейіндік оқыту, бастауыш сыныптардағы оқыту, әскери-патриоттық тәрбие және салауатты өмір салттары, сабақтан тыс оқыту бағыттары бойынша өтті. Облыс мұғалімдерінен 217 өтініш берілді. Фестивальге оқу-тәрбие процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді енгізуші облыстың 217 оқытушысы қатысуға ниет білдірді. Іріктеу нәтижесінде 122 жұмыс қабылданып, облыстық ақпараттық технологиялар орталығының сайтында 25 сәуір мен 15 мамыр аралығында жарияланды, пікірлер есепке алынды.