ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жаңа форматта қорытынды аттестаттау басталды
29-05-2017 12:37
Жаңа форматта қорытынды аттестаттау басталды

Павлодар қаласының 37 жалпы орта мектептерінде 11 сынып түлектеріне арналған қорытынды аттестаттау басталды. 2017 жылдың 27 мамырында түлектер 10 тақырыптан (5 әдеби, 5 еркін тақырыптар) таңдап алуға болатын туған тілден эссе жазды. Бұдан кейін түлектерге 4 емтихан (9 маусымға дейін) тапсыру күтілуде-орыс тілінде оқытылатын мектептерде қазақ тілі бойынша тестілеу, қазақ тілінде оқытылатын мектептерде орыс тілі бойынша тестілеу, таңдау пәні бойынша тестілеу (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, информатика, шет тілі (ағылшын, француз, неміс), Қазақстан тарихы бойынша емтихан (ауызша), алгебра және талдама бастамалары бойынша емтихан (жазбаша).

Қаланың 37 жапы орта мектептерінен Түлектер саны 1039 оқушыны құрайды, соның ішінде 315 оқушы мемлекеттік тілде оқытылады.

Ұлттық Біріңғай тестілеудің жаңа форматына дайындық жұмыстары жалғасуда. Павлодар қаласының білім беру бөлімімен қаланың жалпы орта мектептері түлектеріне 2017 жылдың 22 - 23 мамырда С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ҰБТ өткізу пунктінде орталықтандырылған сынамалы тестілеу ұйымдастырылды. Тестілеуге ҰБТ тапсыруға жоспарлап отырған 705 (68%) қала мектептерінің түлектері қатысты, соның ішінде мемлекеттік тілде оқытылатын - 282 оқушы.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің ҰБТ дайындық жұмыстары 2016 - 2017 оқу жылының жоспарына сәйкес бекітілген мектептерде, ҰБТ өткізу пунктерінде 10 сынамалы тестілеу ұйымдастырылды. Бүгінгі күні мектептер Ұлттық біріңғай тестілеудің сынамалы тестілерімен, электрондық тестілерімен қамтамасыз етілген. Дайындық барысында Ұлттық тестілеу орталығының сайытындағы онлайн-тестілеу материалдарын қолданады. Алдын-ала өткізілген тестілеу.