ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жасыл экономика» Ертегі елінде
15-06-2017 06:33
«Жасыл экономика» Ертегі елінде

Жазғы демалыс кезеңінде Павлодар қаласының № 36 экологиялық бағыттағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебінде «Ертегі елі» жазғы лагері жұмыс істейді. 1 маусымнан 14 шілде күндері аралығында мектеп жанындағы лагерде 1 - 4 сыныптардан 265 оқушы, бейіндік лагерде 5 - 10 сыныптардан  201 оқушы болады. Жазғы демалыс бағдарламасы өзіне әртүрлі қызметті қосады, балалардың демалысы мен тәрбиесінің, сауығуының түрлі бағыттарын біріктіреді. Жыл сайын білім беру-тәрбие жүйесі жетілдірілуде, сондықтан жыл сайын жұмыстың қызықты және жаңа түрлері енгізіліп отырады. Осы жылы «Ертегі елі» лагерінің бағдарламасы аясында, Халықаралық ЭКСПО - 2017 көрмесіне арналған, «Жасыл экономика» шығармашылық зертхана жұмысы ұйымдастырылды. Бейіндік бағыттағы лагерде 14 отряд, соның ішінде шахматтан «Чемпиондар клубы» үйірмесі құрылды.

Бейіндік лагердің «Жас өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жасағы» отрядында 6 сыныптың 20 оқушысы бар. Балалар лагерь іс-шараларына белсенді қатысады. Ең қызықты және жарқын іс-шараның бірі «Экологиялық подиум» сән көрсету іс-шарасы болды. Балалар күнделікті материалдардан және қайталама шикізаттан киім жасауды шешті, бұрыннан пайдаланылмаған заттар мен киімдер қолданылды. «Білімпаз» мектепке дейінгі оқыту отрядымен бірігіп, балалар үлгілер ойлап тапты, пішумен айналысты және бөлшектерді жабыстырды. Өз қолдарымен жасаған костюмдер, киімдер, тек шеберлік пен жасампаздықты көрсетіп қана қоймай, сондай-ақ бейіндік лагерь балаларының гардеробын жаңартты. «Сондай-ақ, біз уақыттан шаршаған және қараусыз қалған материалдарға «екінші өмір» бердік», - деп атап өтті «Жас өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жасағы» отрядының жетекшісі, Назира Сәбитовна Умиева және «Білімпаз» отрядының жетекшісі, Ирина Михайловна Лазаренко.

Қазіргі уақытта мектеп жанындағы және бейіндік лагерлерде 1 - 10 сыныптардан 406 оқушы демалуда.