ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру
16-06-2017 02:49
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру

Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру аясында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында курстық даярлау және қайта даярлау жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың жаңа моделін енгізумен бірге 2016 жылдан бастап көптілділіктен 1147 мұғалім курстан өтті, оның ішінде 381 бастауыш сынып мұғалімі, 281 орыс тілі мен қазақ тілі мұғалімдері, 104 ағылшын тілі мұғалімі, 181 музыка, бейнелеу өнері, дене шынықтыру мұғалімдері, 109 математика, физика, информатика мұғалімдері, 101 тарих, география, химия, биология мұғалімдері.

2016 - 2017 оқу жылында біліктілігін арттыратын курстық формадан 1877 мұғалім өтті, оның ішінде 169 білім беру мекемелерінің басшылары, 4 сыныптардың 300 мұғалімі, 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап  1 сыныптарда жұмыс істейтін 534 пән мұғалімдері. аймақтық координатор сертификатына 44 мұғалім ие болды, білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша сертификатқа 4 әдіскер ие болды, критериалды бағалау бойынша сертификатқа 37 директор орынбасарлары иеленді.

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап  білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасының көптілділік бойынша  жаратылыстану - ғылыми бағытындағы 5, 7 сыныптарында жұмыс істейтін 612 пән мұғалімдері курстан өтеді және 1 сыныптарда жұмыс істейтін 252 мұғалім, 105 информатика, химия, биология, физика мұғалімдері.  Мамырдан бастап ағылшын тілінен 105 мұғалім, оның ішінде 82 мұғалім Павлодар қ. «Білім» Инновациялық лицейінде сырттай бөлімінде, 15 мұғалім жыл бойы іштей бөлімінде оқыса, 8 мұғалім 3 айлық курсты жұмыстан бөлек оқып жүр.

2017 жылдың соңына дейін Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің «Бөбек» Ұлттық ғылыми - тәжірибелік орталығында жаңа формат бойынша «Сабақта жалпы адами құндылықтар» курстық даярлау мен қайта даярлау бағдарламасы бойынша 6 мұғалім өзін-өзі тану пәнінен біліктіліктерін арттырады, педагогикалық шеберлік орталығында «Тиімді оқыту», «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы», «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» деңгейлік курстары бойынша 121 мұғалім біліктілігін арттыратын болады.  Мектеп тренерлерінің курсын 1 қыркүйекке дейін 128 мұғалім, жылдың соңында - 208 мұғалім өтетін болады.

Білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы мектепке дейінгі мекемелерден де айналып өтпеді.  АҚ «ПКҰО «Өрлеу» Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 72 сағат бағдарламасы бойынша 55 адам, оның ішінде балабақшаның 11 басшылары курстан өтті.  Курсанттар қала, мектеп деңгейінде желілік қоғамдастықта жұмыс істейді, мектеп, қала, облыс көлемінде коучинг - семинарлар өткізеді, менторлық қызмет етеді.