ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ғажайып музыка әлемінде
19-06-2017 03:56
Ғажайып музыка әлемінде

2017 жылғы 13 маусымда Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде жоғары деңгейде, жазғы сәулелі мерекелік қуаныш концерті өтті. Мектеп залы лық толы болды, концертке № 28, 11 ЖОМ бейінді лагерьлерінің оқушылары мен мұғалімдері қатысты.

Қойылымдар әртүрлі және жақсы дайындалды. Концертті жеке дауыс және ән ансамблі бөлімінің оқушысы Досанова Дина «Джамайка» әнімен ашты. Данил Куликов, Ермекбай Даринаның орындауларында Испанияның көңілді ырғағы, Грузияның таңдаулы әуендері шырқалды. Айтуганова Милананың «Художник», Новосельцев Романның «Мальчик-бродяга» әндері тыңдаушылар жүрегін толғандырды.

Мектеп басшысы Ольга Леонидовна Бобровская «Осы концерт балалар мен ересектер өміріндегі музыкалық мектептің маңыздылығын тағы бір рет көрсетті. Музыка деген адамды жақсартып, оны мейірімді де, қайырымды етеді», - деп атап өтті. Мектеп жанындағы лагерь оқушыларына арналған концерт 20 маусымға дейін жалғасады.