ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық мектеп волейбол лигасының қорытындысы
19-06-2017 08:20
Облыстық мектеп волейбол лигасының қорытындысы

Мектеп волейбол лигасының облыстық ақтық мәресінің қорытындысы бойынша І орынды Павлодар қаласының құрамасы иеленді. Команда құрамында Амангельды Даулет, Маралбаев Батырхан, № 12 ЖОМ оқушылары, Симбай Эльдар, Каляко Александр, № 16 ЖОМ оқушылары, Тлектес Ерканат, № 17 ЖОМ оқушысы, Калиев Ануар, Кабыл Ернур, № 37 ЖОМ оқушылары, Истомин Марк № 43 ЖОМ оқушысы.

Жарыс 7 - 8 сынып оқушылары арасында өтті. Облыстың қалалары мен аудандарынан жалпы 200-ден аса оқушыдан тұратын 10 бозбалалар және 10 қыздар командалары қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, грамоталармен және облыстық білім беру бөлімінің естелік медальдарымен марапатталды. Мектеп волейбол лигасының облыстық кезеңі Баянауыл ауылында «Жас дәурен» балалар спорттық-сауықтыру лагерінде облыстық білім беру басқармасының дене шынықтыру өңірлік оқу-практикалық орталығымен 2017 жылғы 5 -  9 маусым аралығында өткен болатын.