ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Салауатты өмір салтын құру
22-06-2017 09:35
Салауатты өмір салтын құру

2017 жылдың 21 маусым күні Павлодар қаласының № 111 сәбилер бақшасының спорт алаңында «Қарақшы квесты» спорттық жарысы өтті. Іс-шараға орта және дайындық топтарынан 4 - 7 жас аралығындағы 142 бала қатысты. Сауықтыру квесті балалардың денсаулықтарын нығайтып сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға, дене шынықтыру мен қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды.

Жарыс бағдарламасында балалар көмбе табу керек болды. Ол үшін олар қарақшылармен шайқасу, берілген бағыт бойынша сандықтың кілтін табу, кешкі асқа балық аулап, акулаға тойтарыс беру сияқты тапсырмаларды орындады. «Растишки» команда капитаны Брехова Вероника және «Здоровячки» команда капитаны Маршелюк Вячеслав жартас арасынан бригантинмен бұлтарып өтуде өз өнерін көрсетті. Көрермендер ішіндегі тәрбиеленушілер, ата-аналар, мұғалімдер аянбай өз командаларын ұрандармен, сықырмақтармен, үрмелі дабылдармен қолдап отырды. Жарыс соңында сабынды су көпіршіктер шоуы өткізілді.