ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепке жылу беру маусымына сыйлық
26-06-2017 05:27
Мектепке жылу беру маусымына сыйлық

2017 жылдың 23 маусымында білім беру объектілерін жылу беру маусымына даярлау шеңберінде Ленин кентінің № 32 мектебінде жаңа ғимараттың қазандығын ашылуы өтті.

Бір ай ішінде «БАСКОМ» ЖШС қаражат есебінен блокты-модульдік құрылымнан объект тегін салынды. Гидростатикалық сынақтан өткен ұзақ жанатын қатты жанармай қазандары жаңа қазандықта орнатылған.

Модульдiк қазандық бүгiнгi күнге пайдалануға дайын. Балалардың өмiрi мен денсаулығын сақтай отырып, қазандықты мектептiң ғимаратынан  шығару жолы арқылы жаңа қазандықты орнату өрт қауiпсiздiгiнiң бұзуын жоюға мүмкiндiк береді. Мектептiң ғимаратын жылыту үшін сұйық отыннан қаттыға алмасуы шығынның екi есе азайтуына мүмкіндік беретінін айта кету керек.