ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы
27-06-2017 12:13
Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы

Білім беру мекемелерімен танысу, күрделі жөндеуді жүргізу мен сапасы және мектептердің жаңа оқу жылына дайындық жүргізу мақсатында 2017 жылдың 27 маусымында Павлодар қаласының әкімі Н. К. Әшімбетов № 14 ЖОМ барып қайтты. Мектепте әкім спорт және мәжіліс залдарының күрделі жұмыстан кейінгі жағдайымен, жаңадан ашылған робототехника, шахмат кабинеттерін қарап шықты.

Осы жылы жергілікті қаражаттан білім беру мекемелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 378,0 млн. теңге бөлінді. Жөңдеу жұмыстары 20 білім объектілерінде жоспарланған және 10 тамызда аяқталу жоспарлануда. Жөңдеу жұмыстарының негізгі кезеңі шілде айы болып табылады.

Басымдылық ретінде шатыр, жылыту жүйесі мен энергияны үнемдеу, спорт залдарын жөндеу болып саналады.

Бүгінгі күні № 2 ЖОМ - 2,6 млн. теңгеге асхана шатырының, № 14 ЖОМ - 14,2 млн.теңгеге шешінетін бөлмесі бар екі спорт зал мен мәжіліс залдарының  күрделі жұмыстары аяқталған.

ЖСШ «Строитель» мердігер ұйымымен № 14 ЖОМ еден және терезелер, жарықтандырудың ауыстыру жұмыстары жүргізілген, ғимараттың ішкі өңдеу жұмыстары жасалған.

Сонымен қатар жергілікті қаражаттан мектепке 0,7 млн теңге көлемінде спорттық жабдықтармен жабдықтау үшін, сахнаны рәсімдеу және мәжіліс залындағы тақтарды сатып алу үшін 4 млн.теңгеге жуық қаражат бөлінген.

Мектепте жалпы саны 640 оқушы бар, әртүрлі қызығушылықтар мен бағыттары бар 40 үйірме мен 30 спорттық секциялар жұмыс жасайды. Сыныптан тыс уақыт кезінде оқушылардың жұмыстарын қамту 99 % құрайды.