ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бейіндік лагерде балаларды түрлі кәсіпке үйретеді
01-07-2017 03:50
Бейіндік лагерде балаларды түрлі кәсіпке үйретеді

Оқушылардың жазғы практикасы аясында Павлодар қаласының № 2 Балалар көркемөнер мектебінде 22 маусымнан бастап бейіндік лагерь маусымы ашылды. Бейіндік лагердегі сабақтар ерекшелігі бейнелеу өнерін оқығысы келетін, керамикамен жұмыс жасағысы келетін, киіз түткісі, витражды салғысы келетін, авторлық қуыршақтарды дайындағысы келетін,  майлы бояумен салынатын суреттерді салғысы келетін мектеп оқушылары мен балаларының әртүрлі бағыттағы топтарды қалыптастыру болып табылады. Әр топ бір кәсіппен айналысады және шығармашылық жұмыстар жасайды. Бейіндік практика балаларға ұсынылған кәсіптен өзін қызықтыратын және жаңашыл біреуін таңдауға мүмкіндік береді. Бұл шығармашылық үрдіске қоса, бос уақытты жарқын әрі есте қаларлықтай қылып ұйымдастыру болып саналады.

Бейіндік лагерде 100 оқушы есептелінеді, оларға сабақ қызықты және олар сүйіспеншілікпен сабаққа қатысады.Ольга Ивановна Ловина суретші-педагог жетекшелігімен оқушылар киіз түту техникасы мен әр оқушы панно жасайды, олардың барлығын жалпы композицияға қосып, мектептің көрме залын рәсімдеді. Сәуле Бейбітханқызы Пернебаева шебер-педагог жетекшелігімен олар саз бен амос каркасынан авторлық қуыршақтар жасап, әртүрлі өрнектермен әсемдейді. Тек мектеп оқушылары ғана емес, балалар да мұндай жұмысты сүйіспеншілікпен атқарады. Бейіндік лагердің аяқталуымен жұмыстар көрмесі ұйымдастырылады, 3 шілдеден Усолка мөлтек ауданының мектеп алды лагерь оқушылары тамашалай алады.