ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалар шығармашылығында ЭКСПО-ға көзқарас
05-07-2017 09:17
Балалар шығармашылығында ЭКСПО-ға көзқарас

«Әлем. Бала»  жазғы жоба шеңберінде 2017 жылы 4 шілдеде Павлодар  қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны»  балалардың бос уақытты қамту  және дарындылығын дамыту орталығымен «Жас Ұлан» Бірыңғай балалар жасөспірімдер ұйымының «ЭКСПО жасұландықтар көзімен» VI қалалық  форумы өткізілді. Форум  Астана күніне және «ЭКСПО - 2017» Халықаралық  көрмеге арналды. Форумға № 1, 2, 4, 6, 9, 12 , 16, 18, 22, 23, 27, 28, 29, 34, 36, 39, 41, 43, Жетекші мектептерінің оқушылары қатысты. Форумға «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының басшысы Айгерім Бауыржанқызы Манабаева, № 40 ЖОМ-ның әкелер кеңесінің өкілі Руслан Рыспекұлы Тұрсұнханов шақырылды.

Форумның шығармашылық бөлімі «ЭКСПО - 2017 суретте» ұжымдық сурет салу, «ЭКСПО - 2017 көрмесінің бойтұмары» табиғи материалдан бойтұмар дайындау, «Еркінмінбе «Болашақ энергия» тұсау кесерінен тұрды.

Түпнұсқалық идеялар және креативтік жолдар көрермендерді қуантты. № 22 және 27 ЖОМ оқушылары «Робот биі», «Болашақ би» флэш-мобынұсынды, № 36 ЖОМ оқушылары «Болашақ энергиясы» сахнасын, «ЭКСПО және біз» слайд-бағдарламасын көрсетті, «ЭКСПО - 2017»  көрмесіне қатысу туралы бейнероликті № 28, 16, 2, 22,  9, 36 мектеп оқушылары дайындады. Шығармашылық идеялар және стандарттық емес ұсыныстарды № 34 ЖОМ оқушылары - жаңа кезеңдегі электрлік шам, № 28 ЖОМоқушылары - электр есептеу велосипеді негізінде ұсынды.

Форум қорытындысы бойынша I орынды  № 28 ЖОМ командасы, II орын - № 2, 16 ЖОМ командалары III орын - № 22, 27, 36 командалары алды. Командалар орталықтың грамоталарына, форум қатысушылары - сертификаттарға ие болды. «Жас Отан» жастар қанаты алғыс хатын № 9, 34 ЖОМ командалары алды. Балалардың жалпы қамтылуы 102 оқушыны құрады.