ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала оқушылары «электрондық үкімет» порталын қолдану курсын оқуда
19-04-2018 09:35
Қала оқушылары «электрондық үкімет» порталын қолдану курсын оқуда

Педагогикалық қызметкерлер мен оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында мектептерде «электрондық үкімет» порталын қолдану курсы жүзеге асуда. Порталды қолдану бойынша жоғары сынып оқушылары информатика сабақтарында оқытылады, мүғалімдер үшін  семинарлар мен кеңес сағаттары ұйымдастырылады. Оқыту аталған курстарды өткен мұғалімдермен өткізіледі.

Қазіргі таңда курсқа қала мектептерінің 5000-нан астам 9 - 11 сынып оқушылары мен 85 информатика мұғалімдері қатысып отыр.

Ағымдағы оқу жылының аяғына дейін жоғарғы сынып оқушыларына ЭЦҚ алу нұсқаулықпен, порталда тіркелу, электрондық қызметтер тізімімен, мемлекеттік немесе коммерциялық электрондық қызметтерді алу алгоритмімен танысу бойынша тақырыптар жоспарланған.

Қаланың барлық жалпы орта мектептерінде мемлекеттік қызмет көрсетуді электрондық форматта алу үшін «өзіне өзі қызмет ету бұрыштары» құрылған. «Өзіне өзі қызмет ету бұрыштарындағы» компьютерлер порталда жұмыс жасау үшін күйге келтірілген, сапалы жоғарғы жылдамдығы бар интернетпен қамтамасыз етілген. «Электрондық Үкімет» порталында кеңес жұмысын жүргізу үшін «бұрыштың» кураторлары ретінде информатика мұғалімдері бекітілген. Аталған бұрыштарды оқушылардың ата-аналары да қолдануға мүмкіндіктері бар.